ОСЫ күні туғандарда МИЛЛИОНЕР болуға мүмкіндік көп

0
714

Егер онда екі «ақша саны» болса, онда миллиардқа үміт бар!


ОСЫ күні туғандарда МИЛЛИОНЕР болуға мүмкіндік көп

Адамның туған күні құжатта көрсетілетін сандар ғана емес, оның мінез-құлқы, өмір жолы туралы ақпарат беретін код. Бұл қатарға материалдық байлық туралы деректер де кіреді. Нумеролог қай күні туғандардың миллионер болуға және үлкен ақшаны басқаруға мүмкіндігі көбірек болатынын есептеп шығарды.

Нумерология, цифрлық психология тұрғысынан сәтті комбинациялар: 1, 2, 4, 7, 8 сандары. Туған күн датасында (ай, жыл емес, тек күні) осы сандар кездесетін адамның миллионер болуға нақты мүмкіндігі бар. Егер оның құрамында бірден екі «ақша саны» болса (мысалы, 27, 28 немесе 14-і) онда миллиардқа үміт бар!


«ҮШТІКТЕР»

Үштіктер – дүниеге айдың 3, 12, 21 және 30-жұлдызында келгендер. Олар – тумысынан жеңімпаздар. Табиғи тартымдылық, адамдармен тез тіл табысу, өзіне, сөзіне сендіре алу қабілеті – олардың басым қасиеттері. Биік жетістіктерге жетелеп, жақсы нәтиже, мол табысқа жеткізбей қоймайды. Әрине, аталған қабілеттерін пайдаға жаратып, одан әрі шыңдап, еңбектенуге ерінбесе.


«АЛТЫЛЫҚТАР»

Жарық дүниеге айдың 6, 15, 24-і күні келгендер жаратылыстың «сүйікті перзенттері». Адам баласы өз ұл-қыздарының арасынан бірін ерекше жақсы көріп, оған барын бергісі келіп тұратыны белгілі. Сол секілді осы күні туғандардан да ғалам ештеңесін аямай, барынша еркелетеді. Қолға алған істері оңай орындалып, қиындықтардан жеңіл өтіп кетеді, жолы болғыш. Мейірімді, қамқор болғандықтан, өзгелерге жақсылық жасауға құштар. Соның арқасында адамдардың махаббатына, қолдауына, сеніміне оңай ие болады. Әсіресе, өнер мен шоу-бизнес саласында еңбек етсе, табысы көл-көсір болады. Тек өзіне сенімін жоғалтып алмаса болғаны.


«СЕГІЗДІКТЕР»

Қай айдың болмасын 8, 17 және 26-сы күні туғандардың бойында қуатты ақша энергетикасы ағыны бар. Материалдық байлық оларға қандай да бір тылсым күштің көмегімен өзінен-өзі тартылады. Әсіресе, сәттілікке сеніп, жақсылықтан үміттеніп, позитивті күйде жүрсе. Ең күшті қабілет-қасиеттері – жоғары өнімділік, шыдамдылық және стресске төзімділік. Олар өзгенің табысына сенбей, тек өзіне арқа сүйеуге тиіс. Жалқаулыққа жол бермей, еңбекқорлық, табандылық таныста, кез келген үлкен бизнесті дөңгелентіп, гүлдендіріп әкетеді. Саясатпен айналысса не мемлекеттік қызмет құлағын ұстаса, топ-менеджмент мамандығы бойынша мансап қуса, біраз биікті бағындырады.


«АҚША КОДЫ» – мүмкіндік қана

Бұл күндері туғандардың бәрі бірдей дүние-байлыққа малынып, жайлы да майлы өмір сүреді деген кепілдік жоқ. Туған күніңізде ақша кодының болуы – сізге берілген мүмкіндіктің белгісі. Ал оны қалай пайдаланады – ол әркімнің өзіне байланысты. Мүмкіндікті дұрыс пайдалана алғандар дер кезінде қабылданған сәтті шешімдерінің жемісін жейді. Ал пайдалана алмағандар көп ақша туралы тек армандаумен шектеледі.

  • Мүмкіндікті пайдалану көп жағдайда еңбек арқылы жүзеге асатыны түсінікті шығар.
  • Екінші шарты – сүйікті ісіңізді табу.
  • Ниетіңіз тек ақша табу болмай, бойыңыздағы қабілеттер мен мүмкіндікті дұрыс жұмсау арқылы өзіңізге де, өзгеге де пайдаңызды тигізу болуы – бұл да маңызды.
  • Потенциалды миллионерлер тұрақтылық пен жоғары моральдық қасиеттермен ерекшеленеді.
  • Позитивті көзқарас, денсаулықты бағалау, оны сақтаудың амалдарын жасау, күш-қуатты сарқып тастамай, толықтырып отыру, салауатты өмір салтын ұстану – осының бәрі де байлыққа апарар жолды қысқартатын қадамдар.

Еңбекқорлық пен дұрыс өмірлік ұстанымдар өзіңіз қалаған қаржыны әкеледі.

Ал өзіңіз жасап жүрген істі жақсы көрмесеңіз, өзіңізге сенбесеңіз, ешқандай ақша коды көмектесе алмайды. Еңбек жолында жалқаулыққа, сабырсыздыққа, қулық-сұмдыққа, өмір жолында жаман әдеттерге жол берсеңіз, өзіңізге не басқа адамдарға зияныңыз тисе, мол табыс жайлы ұмыта беріңіз. Қолыңызға көп ақша түссе де, берекесіз жұмсалып, әрқашан қаражат тапшылығы болады.


Қалай ПАЙДАЛАНУ керек?

Жаратылыс сыйлаған «ақша кодының» мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін өзіңіздің ойларыңызға, әрекеттеріңізге және тілектеріңізге мұқият болуыңыз керек.

  • Қорқыныштардан, өкініштен, жаман естеліктер және реніштерден арылыңыз. Бұлар сіздің дамуыңызға, баюыңызға басты кедергілер.
  • Түйсігіңізді, ішкі қалауларыңызды тыңдап, басты қажеттіліктеріңізді анықтаңыз. Өзіңізге керек нәрселердің бәрін берудің жолын іздеңіз.
  • Істеуге тиісті, міндетті болғандарды ғана емес, өзіңізге шын мәнінде ұнайтын, рақаттану, ризашылық сезімін сыйлайтын, өмірге құштарлықты оятатын нәрселерді де жасауға ресурс табыңыз.
  • Хаоста өмір сүрмеңіз. Өз әлеміңізді ретке келтіріңіз. Бұл жеке өмір, үй, жұмыстар мен жоспарлар, ойлар, айналаңыздағы адамдар – бәріне қатысты. Реттілік пен нақтылық арманыңызға жетуді жеңілдетеді.


«СИҚЫРЛЫ САН» бар, АҚША жоқ болса...

Туған күніңізде миллионердің коды бола тұра, жағдайыңыз мәз емес, ақшаға қатысты проблемалар болса, өзіңізге «Не дұрыс емес?» деп сұрақ қойыңыз. Табыстың бұғатталуы не ақшаның берекесіздігі ішкі энергия ағынының бұзылғанынан немесе баланстың болмауын білдіреді. Өміріңізді, өзіңіздің барлық әрекеттеріңізді, көзқарастар мен қарым-қатынасыңызды, ойларыңызды, т.б. бәрін тереңнен ой елегінен өткізіп, саралаңыз. Ақша ағынына кедергі болуы мүмкін деген бір себеп тапсаңыз, оны жоюмен жұмыс жасаңыз. Бұл себеп түзелді, ал көп ақша әлі де көзден бұл-бұл ұшып тұр ма? Ендеше, себепті қайтадан іздеңіз. Өйткені, ол біреу ғана болмайды, бірнешеу, тіпті өте көп болуы әбден мүмкін.


Басқа күндегілер «тоқалдан туғандар» ма?

Мұның бәрі – нумерологтардың есептеу нәтижесінде айтқан ақпараты. Көрсетілген даталардан басқа күні туғандар «Бізге ше, өмірге басқа күні келгеніміз үшін байлық бұйырмай ма?» деп отырған болар. Мүлде олай емес. Сіз бұл сиқырлы сандарсыз да бай бола аласыз. Мәселен, рухани. Бәлкім материалдық байлық та жеткіліктіден артығырақ бұйырар. Себебі, нәтижелер жазмышқа ғана байланысты емес. Адамның қалауы мен талпынысы, белсенді әрекеті, дүниені қабылдауы және түйсігі де біраз нәрсені өзгерте, қалыптастыра алады. Асып-тасыған миллионер-миллиардер болмасаңыз да, өзіңізге жетерлік байлық пен бақытқа қол жеткізу әбден мүмкін.

Аударған: А. МЕЙІРХАНҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

КІМ сен үшін ОТҚА да, СУҒА да түседі?