Сурет: sunhome.ru
Біз ақшаны қанша жерден «қолдың кірі», «бүгін – бар, ертең – жоқ» деп бірінші орынға қоймауға тырысқанымызбен, ол бәрібір кейінгі орындарға ысырылып кетпейді. Себебі, күнделікті әрбір тыныс-тіршілігіміз онымен байланысты. Ақшаға қарым-қатынасымыз, оның бар-жоғы, аз-көбі, табысты таба білуіміз бен жұмсау дағдыларымыз – бәрі-бәрі маңызды. Әсіресе, отбасылық өмірде. Ерлі-зайыптылардың ақшаға қарым-қатынасы олардың өзара арақатынасында маңызды рөл ойнайды. Әсіресе, күйеудің табыскерлігі мен әйелдің шашпалығы.
Сіз қандай әйелдер тобына жатасыз: ерінің тапқанын түгелімен өзіне жұмсайтын, одан да көп талап ететін «қымбат» әйелсіз бе әлде барға қанағат ететін, бергенін ұқсата жаратып, артығын өзіне жұмсамай, жинайтын жұбайсыз ба?
Бұл жайлы бұрын ойланып-толғанбаған болсаңыз, енді тіпті қажеті жоқ. Астрологиялық жорамал дайын, сонымен тексеріп көрсеңіз болғаны.
Тоқты
Ақшаға батыл қарайды, қиналмай жұмсайды. Күйеуіне «қымбатқа түсетін» тип, өйткені эмоция мен импульспен сауда жасайды. Қымбат, стильді нәрселерді ұнатады. Талапшыл, күйеуі табысын үнемі өсіріп отырғанын қалайды. Бірақ өзі де қарап отырмайды, еңбекқор, жеке табысы бар.
Торпақ
Ақшаға ұқыпты, оны-мұны әлекей-шүлекейлерге шашылмайды. Тек маңызды, сапалы нәрселерге жұмсайды. Байлық, жайлылық – басты талаптары. Практик әрі талапшыл.Күйеуіне қаржылық тұрақтылық тұрғысынан «қымбатқа» түседі.
Егіздер
Жаңа нәрсе көрсе, соны сатып алып, көруге асығып тұрады. Көңіл көтеруге де аз қаражат жұмсамайды. Осындай шығындарының орнын күйеуіне эмоциялық және интеллектуалдық серік болумен өтейді. Жиі сауда-саттық жасайды. Бірақ оның бәрі қымбат бұйымдар болмауы мүмкін, қалтасына қарап көсіледі. Шығыны бірде көп, бірде аз.
Шаян
Үй, отбасы, жайлылық үшін біраз ақша жұмсайды. Күйеуінің қамқорлығы мен тұрақты табысы маңызды. Ақшаға эмоционалды түрде тәуелді болуы мүмкін. Кейде армандары мен қалауларының соңына түсіп, «қымбатқа түсетін» әйелге айналады.
Арыстан
Оларға ақша – абырой мен статус үшін керек. Өз беделіне лайықты киім, аксессуар, демалыс үшін тарынып қалмайды. Күйеуінен жақсы да жайлы өмірді, жомарттықты талап етеді. «Қымбат әйел» типіне жатады, бірақ мұның ақысын сүйіспеншілігімен, мықты мотивациялық қолдаумен және көпшілік арасында күйеуінің абыройын көтерумен ақтайды.
Бикеш
Ақшаға жинақы әрі тиімді қарайды. Есепке жүйрік, артық шығын жасамайды. Күйеуіне аз талап қояды, өзі де үнемшіл. Шағын бюджеттің өзін жақсы басқарып, ең керектілерге жеткізудің жолын табады.
Таразы
Сән-салтанат пен әдемілікке есепсіз ақша жұмсайды. Күйеуінен тек қымбат заттар күтеді. Өйткені, майда-шүйде қажеттіліктердің шығынан өзі де жаба алады. Орташа талапшыл, бірақ талғампаз.
Сарышаян
Ақша – билік пен қауіпсіздік көзі. Күйеуінен мықты қаржылық қолдау күтеді. Қатты талапшыл, бірақ өзі де стратегия құрады. Көбіне «қымбатқа түсетін», бірақ ақшаны ақылмен жұмсай алатын әйел.
Мерген
Ақшаны бағалы бұйымдарға емес, саяхат пен еркіндікке жұмсауды жөн санайды. Қаржылық қысымнан қашады. Сондықтан өз бетінше табыс табу, кірісін көбейту жолында үнемі ізденісте. Күйеуімен тең серік болғысы келетіндіктен, одан қымбат бұйым, көп ақша беруін күтпейді. Орташа талапшыл.
Тауешкі
Ақшаның құнын жақсы біледі. Стандарты жоғары, тек сапалы нәрселер сатып алады. Бірақ ақшаны үнемдеп жұмсаудың да жолын табады. Күйеуінен іскерлік, еңбекқорлық күтеді. Жоғары, бірақ әділетті талап қояды.
Суқұйғыш
Еркіндік пен идеяға ақша жұмсайды. Қаржылық қысыммен өмір сүре алмайды. Күйеуімен дос әрі серіктес болғанын қалайды. Талап аз, бірақ ерекшелікке бейім, күтпеген шығындар болуы мүмкін.
Балықтар
Ақшаға немқұрайлы, одан көрі сезім мен романтиканың бәсін биік қояды. Күйеуінен ақша, сыйлық, қымбат заттардан бұрын, эмоциялық жақындық пен қамқорлық күтеді. Сауда-саттықты эмоция жетегімен жасайды. Бірақ бұл соншалықты шығынды болмайды, өйткені, қымбат заттарға қызықпайды.
Аударған: А. Мейірханқызы,