Астанадағы автобус апатының себебі белгілі болды

0
264

Астанада автобус апатқа ұшырап 14 адам зардап шекті.


Астанадағы автобус апатының себебі белгілі болды

ERNUR.KZ. Елордада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Астана қаласы Полиция департаменті аталған жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді, деп жазады baq.kz.

Қалалық ПД дерегінше, Mercedes маркалы қызметтік автобустың жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылы бойымен қозғалып келе жатып, бұрылыс жасау кезінде рөлді басқара алмай қалған. Соның салдарынан көлік жол жиегіндегі сайға түсіп кеткен.

Салонда болған жолаушылар медициналық мекемеге жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза болғандар жоқ. Аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр, - делінген Астана қаласы ПД түсініктемесінде.

Бұған дейін Астанада автобус апатқа ұшырағаны жайлы жаздық.