Осы ТҮС өміріңізге ЖАҚСЫЛЫҚТЫ магнитше тартады

0
1 098

Көк және оyың реңктерін көп қолданса, өмірі жайлы болады, айналасындағылардың қамқорлығын сезінеді.


Осы ТҮС өміріңізге ЖАҚСЫЛЫҚТЫ магнитше тартады

Жұлдызнама бойынша әр жұлдыз белгісінің өз түсі болады. Ол иесіне сәттілік, жақсылық тартып тұрады.


ТОҚТЫ

Оларды бекерден-бекер отты белгі деп атамайды. Тұла бойы энергия мен импульсивтілікке толып тұрған Тоқтыларға қызыл, қарадан асып сәйкес келетін түс жоқ.

Қызыл сәттілік пен гүлденуді тартады, онымен зарядталады және көшбасшы болады. Қызылдың күшті энергиясынан шаршағанда немесе агрессивті бола бастаса, қара түсті таңдағаны дұрыс. Өйткені Тоқтылар қараны сыртқы әлемнен қорғаныс ретінде қабылдайды.


ТОРПАҚ

Жайлылықты бағалайтын, өмірден ләззат алуды ұнататын Торпақтарға жұмсақ, байсалды түстер тура келеді. Ақшыл сарғыш, қызыл, сары және қоңырдың байсалды реңктерін таңдаған дұрыс. Бұл түстерді киімге, аксессуарларға және интерьер заттарына қолдануға болады. Сонымен қатар, сары түс жақсы әсер етеді. Ол Торпақты ішкі сәулемен зарядтайды және жалқаулықтан жеңілуіне жол бермейді. Қоңыр түс Торпақтың бақша баптауға, гүл өсіруге, орманда серуендеуге және табиғатпен үндес болуға деген құштарлығын оятады.


ЕГІЗДЕР

Қосымша реңктері жоқ ашық, таза түстер: сары, жасыл және ақ. Егіздер үшін қоғаммен, адамдармен қарым-қатынас өте маңызды. Байланыстың кедергісіз болуы үшін түс тазалығы айтарлықтай рөл атқарады. Егіздер өзінің белгісіне сай келетін түсті пайдалана отырып әлемге: «Менің интеллектім жоғары, маған сенім артуыңа болады» деген хабарлама жібереді. Жасыл түс назарын жақсы шоғырландыруға көмектеседі. Бұл Егіздерге өте қажет, өйткені оларда бір уақытта шешуді қажет ететін бірнеше шұғыл мәселелер жиі болады.


ШАЯН

Шаяндар үшін ұсынылатын түстер: сұр, күміс түсі, көк және судың түсі. Сұр және күміс түстер интуициясының дамуына ықпал етеді, эмоционалды тұрақтылық береді, денсаулығына пайдалы. Көк түстің реңктері Шаянның сыртқы әлемге жабылып қалуына, өз ішінде, эмоцияларында жоғалуына жол бермейді. Көк, көгілдір және олардың реңктерін көп қолданатын Шаяндардың өмірі жайлы болады және айналасындағылардың қамқорлығын сезінеді.


АРЫСТАН

Бұл белгінің өкілдері күннің түстеріне назар аударуы керек: алтын, сары және қызғылт сары. Олар Арыстанға энергия, өмір және қуаныш береді. Алтын түс – Арыстандардың сүйікті түсі. Бұл олардың эксклюзивтілігі мен жомарттығын көрсетеді. Нағыз патшалар мен ханшайымдардың түсі. Арыстанның үнемі көпшіліктің нгазарында болуды, өзгелерден ерекшеленуді ұнататыны белгілі. Алтынға балама ретінде, басқалардың назарын аудару үшін сары түсті пайдалануына болады. Ал, қызғылт сары апельсин түсі көңілсіздіктен, сенімсіздіктен құтқарады.


БИКЕШ

Жасыл және сары түстің барлық реңктері, сондай-ақ дене түсі Бикештердің интеллектісін, тәртіп пен айқындыққа деген ұмтылысын көрсетеді. Қоңыр немесе көк түстің қою реңктерін жиі таңдау арқылы өзінің кез келген тапсырманы уақытында орындайтын жауапты қызметкер екенін көрсете алады. Балғын жасыл шөп түсі Бикештерді салауатты өмір салтын ұстануға және «эко» өмірлік стиліне шақырады.

ТАРАЗЫ

Ақ, қызғылт және көк – бұл түстер Таразыларға тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі және олардың табиғатының талғампаздығын баса көрсетеді. Шешімдеріне сенімділік береді. Көк белгі иесінің бойында күш пен ішкі тепе-теңдікті қалпына келтіреді. Егер өз шешімдеріңізге жиі күмәнданатын болсаңыз, көк түстің реңктерін жиірек қолданған жөн. Таразы әйелдерге әйелдік энергия мен тартымдылықты ашу үшін ақ және қызғылт түстер қолайлы.


САРЫШАЯН

Қою қызыл, қызыл және қара, сұр түстер Сарышаянның құпия күші мен интригаға деген ұмтылысын паш етеді. Қою қызыл және қызыл – қайта туылу, қайта тұру, жасырын мотивтер энергиясын береді. Белгі иесі осы энергияларда болғанды жақсы көреді, оның көмегімен көптеген жетістіктерге жетеді. Қара және сұр – интуициясын оятады, түйсігіне сенуге, жетегіне еруге батылдық береді.


МЕРГЕН

Қызылкүрең, күлгін – «ұстаз, тәлімгер» түстері. Бұл түстер тәжірибені, даналық пен руханилықты білдіреді. Бұл түстердің жарқын, қанық реңктері Мергеннің бойында рухани өмірге және басқа елдер мен мәдениеттерді зерттеуге қызығушылықты оятады.

Күлгін зияткерлік қызығушылықтарын кеңейтуге көмектеседі. Мекенін өзгертуге итермелеп, жиі көшіп-қонуға шақырып тұрады.


ТАУШЕКІ

Сұр, қара және көктің терең реңктері арқылы Тауешкінің мәртебесі мен консерватизмі бірден көрінеді. Арманыңыз мансап жолымен биікке өрлеу болса, осы түстерді қолдана беріңіз. Сұр және қара түстер өзіңізді тәртіпке шақыруға, ережеге бағындыруға, жоспардан ауытқымауға шақырып тұрады.


СУҚҰЙҒЫШ

Өзінің тұлғалық ерекшеліктерін көрсету үшін өмірде жарқын, жарқыраған неон реңктерін, сондай-ақ көгілдір, көк және күлгін түстерді пайдалана алады. Неон реңктері шығармашылық көрініс үшін жақсы. Көк оларға ойлардың анықтығын және дұрыс, бейбіт көңіл-күйді сақтауға көмектеседі.


БАЛЫҚТАР

Көк, ақ және күлгін реңктері Балықтарды креативті болуға және адамзат бұрын-соңды көрмеген дүниелерді жасауға шақырады. Көк және күлгін оларды жаман көңіл-күйден, меланхолияға батудан құтқарады. Ақ түс Балықтар үшін жаңару мен тазалық энергиясын алып жүреді, бұл оларға қорқыныш пен алаңдаушылықтан арылуға көмектеседі.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Жүрегіңіз қандай?