ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Жүрегіңіз қандай?

0
1 139

Табиғат сізге тұсауға көнбейтін асау жүрек сыйлаған.


ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Жүрегіңіз қандай?

ТОҚТЫ

Сізде отты, белсенді және күшті жүрек бар, соның арқасында барлық қиындықты еңсере аласыз. Қуатты жүрегіңіз өмірге құштарлықпен және батылдықпен соғып тұр.


ТОРПАҚ

Сізде махаббат пен эстетикаға толы, адал, табанды және сезімтал жүрек бар. Кез келген адам өз өмірін сізге сеніп тапсыруына болады. Бірақ өз жүрегіңізді кез келген адамға аша бермейсіз, екінің бірін кіргізбейсіз.


ЕГІЗДЕР

Кеудеңізде барлық жағдайға көнгіш, бәріне төзгіш балаң жүрек соғып тұр. Ойнақылыққа, қызығушылық пен толқуға толы. Әлемге құштар баланың көзімен қарайсыз. Жан-жүрегіңіз барлық уақытта коммуникацияға ашық болғандықтан, қарым-қатынас құруға, адамдарға түсіністікпен, жанашырлықпен қарауға әрқашан әзірсіз.


ШАЯН

Сіз интуитивті түрде тамаша сезімтал, жанашырлыққа толы, оңайлықпен сынбайтын мықты жүрек иесісіз. Сөйте тұра, жүрегіңіз ең жұмсақ, романтикаға бейімдер қатарынан табылады. Эмоцияларыңыз бен сезімдеріңіз жиі әрі жақсы әсер етеді. Ең таңқаларлығы, жүрегіңіз жұмсақ және сезімтал болса да, эмоционалды түрде нәзік емес!

Қарым-қатынаста алғаныңыздан әлдеқайда көп бересіз. Ешқандай пайда көздемей-ақ, шын жүрекпен. Интуитивті қабілетіңіз жомарт жүрегіңізді пайдалануға тырысатын адамдар бар екенін байқап, белгі береді, назардан тыс қалдырмаңыз.


АРЫСТАН

Сізде сүюді және сүйікті болуды ұнататын жомарт, импульсивті, сенімді жүрек бар.

Не адал және жүрекпен шын берілген боласыз, не мүлдем немқұрайлысыз. Жүрегіңіз екеуінің ортасында әткеншек теуіп өзіңіздің де, өзгенің де басын қатырмайды. Сіздің жүрегіңіз жомарт, жігерлі және шешімге нық.


БИКЕШ

Сізде махаббатқа сенетін шынайы және тек іспен дәлелдеуді қабылдайтын практик жүрек бар. Ақыл мен білім планетасы Меркурий басқаратын белгі ретінде зерделі және ұйымшылсыз. Жоғары стандарттарға ие перфекциониссіз, еңбекқорсыз. Өміріңіздің барлық салаларын алға жылжытуға шын жүрекпен беріліп тұрып көп күш саласыз. Жанашыр жүрегіңіз жақындарыңызға қамқорлық жасауға итермелейді. Олардың барлық қажеттіліктерін тауып беруге, әрқашан олардың өмірін жеңілдетуге тырысасыз.


ТАРАЗЫ

Таразы - әділеттілікке, үйлесімділікке, тепе-теңдік пен бейбітшілікке деген сүйіспеншілігімен танымал әуе белгісі. Сізде барлық нәрседен сұлулық пен үйлесімділікке ұмтылатын романтикалық, шығармашылық және идеалистік жүрек бар. Оған ыңғайсыз және ұсқынсыз нәрселердің барлығы ұнамайды.


САРЫШАЯН

Сарышаянның жүрегі жұмбақпен көмкерілген. Интуициясы жақсы дамыған, құпия-сыры көп, үстемшіл, бірақ құмарлыққа толы, қамқор жүрек бар. Түйсігі арқылы келетін жорамалды ойларға, эмоциялар мен сезімге толы. Шын мәнінде, жүрегіңіз махаббатты, романтиканы және байланысты қалайды. Сөйте тұра, сырт көзге романтиканы ұнатпайтын сияқты көрсетесіз. Жүрегіңізді ешкім сындырмас үшін қақпасына мықты күзет қойыңыз. Біреу келіп сындырып кетсе, қайта құрауыңыз қиын.


МЕРГЕН

Табиғат сізге тұсаулауға көнбейтін, шекараға сыймайтын, ережеге бағынғысы келмейтін көшпелі әрі асау жүрек сыйлаған. Демек, тура мағынада да, астарлы мағынада да шекаралармен шектеуге болмайтын адамсыз. Сіздің жүрегіңіз бүкіл белгілер арасындағы ең үлкені. Өйткені ол барлық адамға және нәрселерге ашық, бәріне қызығушылық танытады, бәрін танып-білуге ұмтылады. Үміт пен қуатқа толы, оптимист және әрқашан сізді (өзін) жақсартудың мүмкіндіктерін іздейді. Қажет болса, қатыгез де, адал да, айлалы да бола алады.


ТАУЕШКІ

Өзгелердің өзін түсінгенін қалайтын, өршіл және сенім артуға болатын жүрек бар. Бірақ, түсінікті болуды өзі қанша қалағанмен, жүрегіңіз көп адамға жұмбақ. Қарым-қатынаста қамқор, адал және шыдамды. Сіздің жүрегіңіз өте нәзік, қамқор, іштей адал және сенімді, ал сырттай өршіл және еңбекқор.


СУҚҰЙҒЫШ

Өзі үшін ғана емес, басқалар үшін де соғатын ерекше жүрек иесісіз. Жүректен шыққан лебізіңіз өзгелердікіне ұқсамайтын, ерекше, қиял-ғажайыптарға толы болып келеді. Бәлкім, Суқұйғыштың жүрегін өнертабыс пен технологияның билеушісі – Уран басқаратындықтан болар. Сіз мейірімдісіз, әрқашан адамзат өмірін жақсарту үшін бірдеңе жасаудың жаңа жолдарын іздегіңіз келеді. Сіз бәрі әділ және адал болатын болашақты армандайсыз. Себебі, жүрегіңіз, ойыңыз тура, шынайы, адал.


БАЛЫҚТАР

Махаббаттың биік мұраттарын алып жүретін сезімтал және эмоционалды жүрегіңіз бар.

Сіздің жүрегіңізді су патшасы Нептун басқарады. Ал су – эмоциялар мен сентименталдықты білдіреді.

Жүрегіңіз іштей көптеген эмоцияларға толы. Өз сезімдеріңізге сүңгіп, өмірдің әдемі суреттерін салып, оны өнер арқылы көрсететін өте шығармашыл жансыз. Сырттай да айналасына сезімталдық, қиял, интуиция және жанашырлық энергиясын таратады.

Сіз қарым-қатынасты бағалайсыз және махаббат пен достықтың жоғары идеалдарына иесіз. Сезімталдығыңызға байланысты көптеген адамдар сіздің серіктесіңіз, досыңыз немесе сүйіктіңіз болғысы келеді.

Аударған: Керім БЕК,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Сізді қай ПЛАНЕТА басқарады: туған күніңізден біліңіз