СІЗГЕ бұрын жасаған ОСЫ ҚАТЕҢІЗДІ түзету керек

0
5 939

Өткен өмірде жасаған қателер бүгін мен болашаққа кері әсер етеді.


СІЗГЕ  бұрын жасаған ОСЫ ҚАТЕҢІЗДІ түзету керек

Адамның өткен өмірде жасаған қателігі бүгіні мен болашағына кері әсер етеді. Эмоционалдық тұрғыда да іштей мазаңызды алып, тыныштық бермейді. Олай болмауы үшін қателікті түсініп, мойындап, салдарын жою керек. Біреуді ренжітсеңіз, кешірім сұрап, жоғалтсаңыз, орнын толтырып, бүлдірсеңіз, бүтіндеуге тиіссіз. Сонда ғана ол қазіргі және алдағы уақытта алдыңыздан шықпайтын болады.

Бірінші мәселе – өткеннің парақтарын ақтарып, қандай қате жібергеніңізді анықтау, оны мойындау. Ең қиыны да осы – мойындау. Бұл ретте жүгіңізді жеңілдетуге нумерология ғылымы көмектесе алады.


Нумерологиялық есеп жасау үшін есіміңіз бен дүниеге келген уақытыңыз алынады. Алдымен есіміңіздің әріптерін сандармен сәйкестендіріп, қағазға тізіп жазып алыңыз:

1-А, Ә, И, С

2-Б, Й, Т, Ы, І

3-В, К, Қ, У, Ұ, Ү

4-Г, Ғ, Л, Ф, Э

5-Д, М, Х, Һ, Ю

6-Е, Н, Ң, Ц, Я

7-Ё, О, Ө, Ч

8-Ж, П, Ш

9-З, Р, Щ

Енді осы тізілген сандарға жалғастыра туған күн, ай, жылыңыздың цифраларын жазыңыз. Бәрін бір-біріне қосып шығыңыз. Нәтижесінде шыққан екі таңбалы санның цифраларын тағы да бір-біріне қосып, соңғы санды алыңыз.


БІР саны

Ойланып қараңызшы, осыған дейін жақындарыңызбен арақатынасқа қаншалықты көңіл бөлдіңіз? Ата-анаңызға жақсы көретініңізді жеткіздіңіз бе? Бауырға мейіріміңізді жеткілікті көрсеттіңіз бе? Жан жарыңызға, балаларыңызға көп уақыт арнай алдыңыз ба? Егер осыларды өз деңгейінде орындамаған болсаңыз, бүгін «бақыттымын» деп айта алатыныңызға күмән бар. Бүгін де, ертең де бақытты жандар қатарында болғыңыз келсе, олқылықтың орнын толтырыңыз.


ЕКІ саны

Бәлкім білместікпен, бәлкім әдейі жасалды... Әйтеуір өткен өміріңізде бір сатқындықтың салқыны бар. Оны дер кезінде түсініп, түзетсеңіз, қайырымдылық жасап, есесін қайтарған болсаңыз, жақсы. Олай жасамаған болсаңыз, әлі де кеш емес, енді асығыңыз.


ҮШ саны

Сіз жіберген ең үлкен қателіктер – жалқаулық таныту, жұмысыңызға қатысты ойланбай қабылдаған шешім және біреудің есебінен күн көру болуы мүмкін. Мұндай бұрыс әрекеттердің жағымсыз салдары сезілмей қалмайды. Бүгіннен бастап өзіңізді қолға алып, жалқаулықпен күресіңіз. Жұмысқа жауапкершілікпен қарауды үйреніңіз және өзгелерді пайдаланып кетуді доғарыңыз.


ТӨРТ саны

Сіздің саныңыз өткен уақыттарда қатыгез, дөрекі болғаныңызды білдіреді. Бәлкім, эгоизм басым болып, көп адамды ренжіттіңіз. Бүгінгі күні шынайы кешірім сұрауды және кешіруді, мейірімді әрі жомарт болуды үйренгеніңіз абзал болар еді. Осылайша өткен-кеткендегі кінәңізді жуып-шайып, өмір жолыңызды тазалай аласыз.


БЕС саны

Әдетте, «бестік» иелері ерекше ақыл-ой иелері, біреулер үшін өмірлік ұстазы болып келеді. Оны өзіне үлгі тұтып, соңынан ерушілер көп болады. Алайда, олар да қателік жібереді. Көп ретте бұл өзгелердің өз бетінше дамуына кедергі жасау, еркіндігін шектеу болуы мүмкін.


АЛТЫ саны

Есептеу нәтижесі алты санын көрсетсе, бұрынырақта заң бұзған болуыңыз әбден ықтимал. Ол моральдық құндылықтарды сақтамаумен байналысты болуы да мүмкін. Қалай болғанда да, бұл үшін ешқандай жаза алмағансыз. Өмір айналдырып алдыма әкелмесін десеңіз, бұдан былай дұрыс жолмен жүріп, барынша әділ, адал болыңыз. Рухани байлыққа ұмтылыңыз. Өзгелерге өз құндылықтарыңыз бен мораліңізді тықпаламаңыз.


ЖЕТІ саны

Сізге жетілік саны түссе, бұрындары тым сараң болдыңыз деген сөз. Бұл ақшаға да, білімге де, тәжірибеге де қатысты. Яғни, қолыңыздағы бармен де, білгеніңізбен де бөліспедіңіз. Болашағым жарқын болсын десеңіз, осы қателікті қайталамай, көмек сұрағандарға жомарттық танытқаныңыз дұрыс.


СЕГІЗ саны

Осыған дейін ақшаға, материалдық дүниеге ұқыпсыздық, сараңдық, пайдакүнемдік танытқан тұсыңыз көп болған. Аша жұмсайтын жерден қысып қалып, шашылмау керек жерде керісінше шығынға батқан кездеріңіз есіңізге түсті ме? Ендеше, түзетуге, түзелуге тырысып көріңізші. Жомарттық таныту керек кезде қажетінше жұмсауды, берілген әр дүниеге ұқыппен қарауды, өзіңізге тиісті емеске қол созбауды үйреніңіз.


ТОҒЫЗ саны

Дөрекілік, ашушаңдық, ызақорлық, кекшілдік, әдепсіздік, адамдарды мысқылап, әжуалау... осы қасеттердің қайсысы бойыңызда бар? Кімге теріс әсерін тигіздіңіз? Есіңізге түссе, дәл бүгін сол адамнан шын жүректен кешірім сұраңыз. Жаман мінез-құлықтармен күресіп, келешекте ешкімнің көңілін қалдырмауға тырысыңыз.

Өміріңіз – өз қолыңызда. Өткеніңіз бен бүгініңіз – келешегіңіздің іргетасы. Қиыс кеткен жеріңіз болса, қайта түзеуге ешқашан кеш емес.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

АДАЛ ДОСыңыз көп пе, АМАЛ ДОСыңыз көп пе?