Ежелден келе жатқан болжамның бір түрі – кісінің сүйікті санына қарап ол туралы сыр суыртпақтау. Біреу туралы білгіңіз келсе, осы әдісті Сіз де байқап көруіңізге болады. Ол үшін сүйікті санын сұрасаңыз болғаны. Егер атаған саны 1 мен 22 аралығында болса, бірден төменге өтіңіз. 22-ден жоғары болса, алдымен құрамындағы сандарды өзара қосу арқылы 22-ге дейінгі сан шығарып алуды ұмытпаңыз.
1 – энергиясы күшті, харизмасы мықты, кез келген ортада белсенді кісі. Жоқтан бар жасауға шебер, дүниеге жаңа туындылар әкелуші шығармашылық адамы.
2 – ғылым-білім жолындағы жан. Ізденуді, әлемнің тылсым сырларын зерттеуді жақсы көреді. Үнемі көкейіндегі көп сұраққа жауап іздеу үстінде жүреді.
3 – жүрегі жұмсақ, мейірбан. Ішкі түйсігі жақсы дамыған. Қай мәселеде болмасын әліптің артық бағып күткеннен көрі бірден іске кіріскенді, әрекет етуді жөн көреді.
4 – ішкі рухы мықты адамдар. Қай ортада болмасын абыройы асқақ. Өмір жолында көбіне басқарушы, бұйрық беруші рөлін атқарады.
5 – рухани әлемі бай адам. Айналасын қасиетті ұғымдарға құрмет көрсетуге, салт-дәстүрді сыйлауға шақырып, иман нұрын шашып жүреді.
6 – тағдыры қиындық пен шырғалаңға толы. Таңдау жасауға, күрделі мәселенің шешімін іздеуге, бір қалауына қол жеткізу үшін екінші бір қимасын құрбан етуге тура келетін жағдайларға жиі түседі.
7 – қай ортада, қай салада болмасын жеңімпаз. Ол өзінің мақсатын және оған жету жолдарын айқын біледі.
8 – өмірдің барлық салаларын тепе-теңдікте, үйлесімде ұстаудың шебері. «Ақырын жүріп, анық бас» ұстанымының көмегімен қыл арқаннан болсын қиналмай өтеді. Сондай-ақ, қиылыспайтын дүниелерді қиылыстыру да қолынан келеді.
9 – жалғыздықты жаны сүйеді. Көп уақыты мен күшін өзін, өмірдегі орнын іздеуге арнайды.
10 – олар ештеңені алдын ала жоспарламайды. Тағдыр мен сәттілікке сенеді. Соған сай, қашан да қажетті уақытта қажет жерден табылып, жолы бола кетеді.
11 – қатаң қағидамен өмір сүреді. Ол үшін ереже мен тәртіпті сақтау, шекарадан шықпау өте маңызды.
12 – жақындарының көмегі мен қолдауына, ақыл-кеңесіне жиі жүгінеді. Тіпті, соған мұқтаж деуге де болады.
13 – өмірінде бұрылыстар мен өзгерістерді талап ететін жағдайлар жиі орын алады. Сондықтан да бәрін сызып тастап, қайта басынан бастау үйреншікті ісіне айналған.
14 – өзгерістерді жақсы көреді. Жағдайға бейімделгіш, кез келген жайтты, тіпті күрделі мәселені де өз пайдасына шеше алады.
15 – адамдармен тіл табысу, тайланыс орнату олар үшін өте оңай. Соның арқасында барлық ортада абыройлы.
16 – өзін жаңа қырынан танытуға тырысып, үнемі өзгеру үстінде болады. Бірақ, көбіне бұл әрекеті өзіне ауыр тиіп жатады.
17 – бірсарындылық пен үйлесімділікті жақсы көретін жан. Бір нәрсені мың қайталаудан жалықпайды. Жаңа заман көшіне ілескеннен көрі ескіні аңсап, кешегісін көп көксейді.
18 – қашан да ең жақсысын іздеп жүреді. Арманшыл, өзін дамытудан жалықпайтын, өмірдің мәні мен өз орнын іздеп сабылумен болатын жан.
19 – бақытты, көңілді, қай жаста да балалығын жғалтпайтын жан. Өмірге жеңіл қарайды, кейде онысы тым жеңілтектікке, ойсыздыққа ұласып кетуі мүмкін.
20 – өзгерістерді жақсы көреді. Ұнамаған нәрсені шорт кесіп, жаңаны қолға алу олар үшін оңай.
21 – азға қанаған еткенді құп көреді. Материалдық байлықтан көрі рухани байлықты жоғары қояды.
22 – айла-амалы бір басына жетіп артылады. Өзгелерді алдап-арбаудың, өз пайдасына жаратудың, қандай қақпаннан болмасын құтылып кетудің шебері.
Аударған: А.Мейірхан,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: