Туған күніңіздің... ТҮСІ қандай?

0
240

«Туған күннің датасын сұрамайтын ба еді?» деп отырған боларсыз


Туған күніңіздің... ТҮСІ қандай?

«Қызық, әдетте туған күннің датасын сұрамайтын ба еді?» деп отырған боларсыз. Әлде қателесіп жазды деп ойладыңыз ба? Жо-жоқ. Әңгіме, расында да, туған күніңіздің түсі жайлы.


Әр адамның туған күніне сәйкес түсі болады. Өз түсін тиімді қолдану арқылы өміріне ақша энергиясын тартып, табысын арттыру – қиял емес, ғажайып шындық.


Біз емес, нумерологтар дәл осылай мәлімдеді.

Жаратылыс бізге түрлі түстерді және әлемді түрлі түстер мен реңктердің әсем алуан түрлілігінде көру мүмкіндігін сыйлады. Қызығы, әртүрлі түстермен боялған –айналамыздағы заттар ғана емес. Ғаламдағы дыбыстар, сандар, тіпті тыныштықтың да өз бояуы бар екен.

Біреу көк түсті ұнатады, ал екіншісі алтын түсті. Біреу қараны жақтырмай, қызыл түсті жақсы көрсе, енді біреулер өзгелер жақтырмайтын қараға құмар. «Неге бұлай?» деп ойланып көрдіңіз бе?

Бәлкім таң қалатын шығарсыз, бірақ түрлі түстерге қатысты қалауларымыз бізге екі негізгі сипаттама арқылы беріледі: есіміміз бен туылған күніміз.

Туған күнмен байланысты түсті ақша энергиясын тартатын күш деп атауға болады. Сондықтан ол ақша потогын ашып, табысты арттыруға көмектеседі деуге негіз бар.

Өзіңіздің «ақша түсіңізді» білу өте оңай. Туған күніңіздегі ай, күн, жыл цифрларын бір-біріне қосу арқылы біртаңбалы мән шығарсаңыз болғаны. Мәселен, 10.03.1983 ж.:

1+3+1+9+8+3=24, 2+4=6.

Есептеуден кейін қалғаны – тек осы санға қандай түстің сәйкес келетінін білу және сипаттамасын оқу ғана.

Ескерте кетер бір жайт бар. Кей адамдардың дүниеге келген айы мен күнінің құрамында бір сан үш рет қайталанып келеді. Бұл күндер: 11. 01; 22.02; 01.11; 10.11; 12.11; 13.11; 14.11; 15.11; 16.11; 17.11; 18.11; 19.11. Осы күндері туғандардың «ақша түсі» біреу емес, екеу болады.

  • 12.11; 13.11; 14.11; 15.11; 16.11; 17.11; 18.11; 19.11 күні туғандар қайталанатын сандарды сызып тастап, екінші «ақша түсін» анықтау үшін қайталанбайтын санды алады. Мысалы, 13.11 – 3 саны; 18.11 – 8 саны.
  • 11. 01; 22.02; 01.11; 10.11 – осы күндері туғандардың қайталанбайтын саны 0 болғандықтан, екінші «ақша түсін» білу үшін туған жылының соңғы санына қарайды. Айталық, 22.02.1987 ж. – 7 саны; 10.11.2003 ж. – 3 саны.
  • Егер туған жылының соңғы саны 0 болса, үшінші санына қарау қажет. Мәселен, 01.11.1990 ж. – 9 саны; 11.01.1960 ж. – 6 саны.

Қараша айының 11-інле туғандарды айрықша атап өтуге болады. Олардың жалпы есептен шығатын мәнге сәйкес негізгі «ақша түсінен» бөлек, қосымша үш түсі бар: ақ, қызыл және көк.

Ал енді негізгі мәнге сәйкес ақша түсіне келсек:

  • Бірлік – ақ
  • Екілік – сары
  • Үштік – көгілдір
  • Төрттік – күлгін
  • Бестік – қара
  • Алтылық – жасыл
  • Жетілік – ашық көк
  • Сегіздік – қою көк
  • Тоғыздық – қызыл

Өзіңіздің «ақша түсімен» түстес аксессуарлар, тұрмыстық заттар, киім-кешек пен әшекейлерді көбірек ұстауға тырысыңыз. Сонда шынайы ақша энергиясының қожайыны боласыз. Қарапайым заттар ағқа шақыратын қуатты құралға айналады.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Қысты ҚЫЗЫҚТЫ әрі ПАЙДАЛЫ өткізу үшін НЕ ІСТЕУГЕ болады?