Мамандықты дұрыс таңдау болашақ үшін маңызды
Ресми ақпаратқа сүйенсек, 2020-2021 оқу жылын 3,4 миллионнан астам оқушы аяқтап жатыр екен. Яғни, осыншама жан үлкен өмірге қадам басып, өмірлік азығы болар мамандығын таңдау алдында деген сөз. Дәл осы тұста көптеген ата-ананың, түлектің көкейін қай кәсіптің құлағын ұстау жайлы сан сауал кернейтіні анық. Осыған орай нумерологтар кеңесін ұсынуды жөн көрдік.
Мамандық таңдау барысында қандай сандарға мән беру керек?
Бл ретте бір ғана мәліметке сүйеніп шешім қабылдау үстіртін әрекет болар еді. Ең алдымен туған күн, ай, жылыңыздың сандарын қосып, өз цифраңызды шығарыңыз. Мәселен, 07.09.1995 ж. болса:
0+7+0+9+1+9+9+5=40,4+0=4
Сондай-ақ, есіміңіздің неше саннан тұратынын да бөлек жазып қойыңыз. Мәселен,
Гүлжамал – 8.
Үшінші дерек ретінде толық аты-жөніңіздің (аты+тегі+әкесінің аты) сандарын бір-біріне қосу арқылы да жеке нумерологиялық саныңызды анықтап алу қажет. Айталық, Сартай Гүлжамал Нұрақызы болса:
6+8+8=22,2+2=4
Төмендегі нумерологиялық шешімді оқығанда осы үш санның да көрсеткіштерін есепке алған жөн.
Сандардың шешімі қандай?
«Бірлік» иелерінің бойында көшбасшылық, батылдық, мақсатқа ұмтылушылық басым. Оларға басқару, жетекшілік жасау, кәсіп жүргізуші, саясаткер, ұстаз, дәрігер (хирург, реаниматолог, стоматолог), құтқару қызметі, әскери қызметкер, ұшқыш, заңгер, сәнгер мамандықтары табиғатына жақын.
«Екіліктерге» табиғат адамдармен тез тіл табысу, дипломаттық қабілеттерді, ішкі түйсікті, қайырымдылықты артығырақ берген. Осындай мінез ерекшеліктерін ескерсек, педагог, бала күтуші тәрбиеші, дәрігер (педиатр, логопед, акушер, терапевт, медбике, массаж жасаушы), елші, психолог, адвокат, қорықшы мамандықтары бойынша биікке жетеді.
«Үштіктер» жаратылысынан білімге құштар, ойы ұшқыр, зерек, әділдікті бәрінен биік қоятын, шығармашылыққа жақын, жаны нәзік, жүрегі жұмсақ болып келеді. Ең жақсы мамандықтар – мұғалім, елші, дәрігер, ғалым, сот, жарнама қызметкері, журналист, шығармашылық жұмыс түрлері (актер, режиссер, суретші, мүсінші, жазушы, дизайнер).
«Төрттіктердің» түйсігі өте жақсы дамыған. Ауқымды жұмыстарды атқару, адамдарды сөзіне сендіріп, соңынан ілестіруге қабілеті зор. Іскер әрі тұрақты. Сәйкес келетін мамандықтар – сауда-саттық (сатылым менеджері, жылжымайтын мүлік агенті, интернет-сауда, т.б.), архитектор, маркетолог, заңгер, программист, SEO-маманы, аналитик, архивтеуші.
Интеллекті өте жоғары, өзге тілдерді меңгеруге асқан бейімділік, адамдармен тез тіл табысу, тапқырлық, зеректік, есепке жүйріктік – осы қасиеттердің бәрі «бестіктерде» басым болып келеді. Соған сәйкес ұсынылатын мамандықтар: аналитик, аудитор, консалтинг маманы, бухгалтер, банк меңгерушісі немесе қаржылық директор, ғалым, архитектор, адвокат, елші, психолог, диктор, математик, журналист, т.с.с.
Жаратылыс «алтылықтардың» бойына өз қолынан керемет туындылар жасап шығару, әртістік, стильді сезіну, сұлулық, кеңпейілділік қасиеттерін өзгеден артығырақ берген. Санына сәйкес, шығармашылық салаларда (мүсінші, суретші, музыкант, ақын, жазушы, актер), бағалы заттар сатушысы (бренд тауарлар, автокөлік, әшекей бұйымдар, т.с.с.), зергер, косметолог, парикмахер, дәрігер (стамотолог, пластикалық хирург, диетолог, ветеринар), дизайнер, модельер, аспаз, бақша баптаушы кәсіптерінде жақсы жетістікке жетеді.
«Жетіліктердің» бойын білімдарлық, даналық, ішкі рухани күш, ұзағынан және тереңнен көрегенділік қабілеттері кернеп тұр. Осыған сәйкес, нумерологтар йога жаттықтырушысы, дәрігер, биолог, биоэнергетик, генетик, вирусолог, психотерапевт, философ, зерттеуші, археолог, судья, із кесуші, криминалист мамандықтарының бірін таңдауға кеңес береді.
«Сегіздіктер» - асқан даналық, төзімділік иелері. Әр адымын аңдап басады, жаны қалаған нәрсеге құлай беріледі, өте адал. Сан иелерін жетістікке жетелейтін мамандықтар: кәсіпкер, әскери қызметкер, саясаткер, мемлекеттік қызметкер, қоғам қайраткері, басылым редакторы, баспахана қызметкері, копирайтер, банк немесе салық органы қызметкері.
«Тоғыз» саны иелерінің бойынан бірбеткейлік, ішкі күш, мақсатқа ұмтылушылық, ой ұшқырлығы, әділдік, тәуелсіздікке ұмтылу айқын көрінеді. Осы санды басты назарға алсаңыз, әскери не құқық қорғау органы қызметкері, өрт сөндіруші не құтқарушы, елші, кез келген шығармашылық мамандық, менеджер, эколог, аспаз, психолог мамандықтарының бірін таңдауға кеңес береді.
Мамандық таңдау – болашақ үшін ең маңызды қадамдардың бірі. Қателеспей, қазірден іргетасты дұрыс қалыптастырудың барлық амалын қарастырыңыз.
Аударған: А.Мейірханқызы,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: