Жұлдызды жорамал: Өзіңізге ЗИЯНЫ тиетін ӘДЕТТЕР

0
4 917

Зиянды әдет – өзіңізге және өзгеге зиянын тигізетіндіктен солай аталады. Сондықтан, оны өз бойыңыздан алыстатқан абзал.


Жұлдызды жорамал: Өзіңізге ЗИЯНЫ тиетін ӘДЕТТЕР

фото: img.caixin.com

Мінсіз адам болмайды. Әркімнің-ақ бойынан кемшін мінез бен жаман әдеттер табылып жатады. Оларды сол қалпында қабылдауға да міндеттіміз. Бірақ, егер ол жай ғана жаман емес, зиянды әдет болса, өзіңізге және айналадағы жандарға зардабын тигізетін болса, онымен қолтықтасып өмір сүруге болмайды. Өз бойыңызда арылуға тиісті қандай зиянды әдет барын білесіз бе?


Тоқты

Олар – өз эмоциясын басқара алмайтын тым қызуқанды жандар. Осы мінезі өмір сүруін қиындатады. Соның салдарынан көп адаммен арақатынасын бұзып алып жатады, жақындарын жиі ренжітеді. Ондай мінезбен көпшілік орта, ұжымда да тіл табысу қиын. Ең жаманы – көпшілік адамның өкпе-ренішін арқалап, көп ортадан шеттетіліп кететін Тоқтылар алкогольді ішімдікке, темекіге үйірлік сынды кезекті бір жағымсыз әдеттерге бой алдырып, зиян үстіне зиян жамайды. Сондықтан, бар мәселенің бастауы болған қызбалықпен дер кезінде күресіп, түп-тамырымен жойған жақсы.


Торпақ

Олар басқаларға қарағанда салауатты өмір салтын ұстануға, өмірді барынша дұрыс сүруге бейім келеді. Бірсөзділігі мен ерік күшінің арқасында ешқашан ішімдік, есірткі сынды дерттердің құрсауына түспейді. Сөйтсе де, Торпақтардың да атап кетуге тұрарлық зиянды әдеті жоқ емес. Мәселен, сырттан көзіне көрінгеннің бәрін үйге қарай тасуы. Ол кейде пайдалы болуы мүмкін, көбіне керісінше, қажетсіз әрі пайдасыз қоқыс болып жатады. Осының салдарынан жеке мекені – үйі жағымсыз аура жайлаған, кері энергетикаға толы, жаның жай тауып тыныға алмайтын қоқыс үйіндісіне айналады. Бұл отбасы мүшелеріне де ұнай қоймайды. Сондықтан, Торпақтарға осы әдет туралы тереңірек ойлануға кеңес берген болар едік.


Егіздер

Олар – кез келген тақырыпта әңгіме айта алатын, адамдармен тіл табысқыш жандар. Бірақ, кейде тым шектен шығып, сөзуар, мылжың болып кетеді. Өзгелерді тыңдамау, өзін ғана тыңдату да жаман әдет. Мұндай жағдайда тіл табысқыштық қасиет құнын жойып, айналадағы адамдарға кері әсер ете бастайды. Ал, егер ол сөзшеңдік пен өсекшілік арасындағы нәзік әрі жіңішке шекараны байқамай аттап кетіп, біреуді жамандап не кемшілігін көзге түртіп, сөз етсе, мұның зиянды салдары болмай тұрмайды. Біреуді сыртынан сөз ету, артынан әңгіме айту ешкімге ешқашан абырой бермеген. Сондықтан, абыройдан жұрдай болғыңыз келмесе, аузыңыздан шыққан әр сөзге абай болуды үйреніңіз.


Шаян

Олар – дәмді ас дайындап, қонақ күткенді жақсы көретін жандар. Өзі не отбасы үшін де күн сайын тәттінің түр-түрін әзірлейді. Бірақ, осы тәттіқұмарлығы оның өзіне зиян болып тиіп, орта жасқа жетпей жатып-ақ артық салмақтан зардап шегеді. Жасқа сай емес артық салмақтың жалғыз жүрмейтіні, соңынан өмірді қысқартатын түрлі ауруларды ерте келетіні белгілі. Сондықтан, тәттіге деген құмарлықты шектеген артық болмайды. Тағы бір зиянды әдет – олардың ұмытшақтығы. Өзіне қызықсыз және қажетсіз деп санаған ақпараттың бәрін жүрдім-бардым тыңдап, сол сәтте-ақ есінен шығарады. Бірақ ол ақпарат өзге бір жақыны үшін маңызды болуы мүмкін. Міне, осыдан келіп жақынымен арада түсінбестік туындап жатады.


Арыстан

Арыстанның мақтаусүйер және мақтаншақтық мінездері айналасындағы адамдардың мезісін шығарады. Бәрі онсыз да Арыстанның жағдайы жақсы, онда бәрі бар не оның үнемі алда екенін біледі. Ол сонда да бәріне қайта-қайта мақтанып айтып, құлақ етін жеуден шаршамайды. Оған қоса, өзін ғана ойлайтын өзімшілдігі де бар. Тағы бір зиянды әдеті – бәс тігу мен құмар ойындарға деген қызығушылығы. Мұндай қызығушылықтардың талайлардың түбіне жетіп, қаншама отбасыны ойран еткені белгілі. Байқап тұрғаныңыздай, Арыстандардың бойында алысып-арпалысуға тұрарлық зиянды әдеттер баршылық.


Бикеш

Олармен тіл табысу, жақын қарым-қатынаста болу өте қиын. Неге десеңіз, бәріне себеп – Бикештің тым талапшылдығы, көңіл толмаушылығы. Оларға ештеңе оңайлықпен ұнамайды және көңілінен шықпаған нәрсені үнсіз жауып қоя салмайды. Ол жайлы міндетті түрде айтып, түзетуге, түзеттіруге тырысады. Айналадағының бәрін сынап-мінеуден шаршамайды: саясат, ел жаңалықтарынан бастап, жұмыстағы басшылары мен әріптестері, үйде жолдасы мен балалары – бәрінің бойынан бір мін тауып, сын айтып отырады. Ең ақыры, қасына жақындап кетсең, ауа райына қатысты да бір ескертпесін естімей тұрмайсың. Осылайша үнемі негатив таратып жүретін жанға кім жақындай қойсын? Егер күндердің бір күнінде жалғыз қалғыңыз келмесе, осы әдетке қарсы күресіңіз.


Таразы

Олардың ең басты зиянды әдеті – жалқаулық. Егер бойында Торпақтың бірбеткейлігі мен Бикештің пысықтығы болса, біршама биіктерді бағындырар еді. Бірақ, жалқаулық пен жауапкершілік арқалауға деген қорқынышы тіпті, талпыныс жасауына да жол бермейді. Үнемі ауыр жұмыс пен жауапкершілікті өзгенің мойнына аударып жібергенді құп көреді. Мұндайды кім жақтырсын? Тағы бір әдеті – табиғатынан эстет болғандықтан, айналасын бағалы да сирек кездесетін бұйымдармен көмкеруге деген махаббаты. Бағалы картиналар, мүсіндер, қымбат сауыттар мен басқа да ерекше дизайнерлік заттар жинағанды жаны сүйеді. Оларды ешкім тегін бермейтіні белгілі. Салдарынан қаржылық дағдарысқа жиі ұшырайды. Алайда, Таразыларды бұл тоқтата алмайды. Ол өзіне ұнаған бағалы затқа қол жеткізу үшін қарыз, тіпті, несие алудан да тайынбайды. Бұл әдеттің зиянды жақтары да бар екенін қомақты қарызға кіріп кеткенде ғана түсінуі мүмкін.


Сарышаян

Көп адамдар Сарышаяндардың тым агрессивті мінезінен аяқ тартады. Әдетте, бұл белгі иелері көңіл толмаушылық пен ренішті ұзақ уақыт іште сақтап, жинайды. Көңілге түскен қаяу, қыжыл жинала келе үлкен өкпеге айналады. Іштей кек қайтарудың жоспары да құрылады. Сөйтіп, уақыты келгенде ол міндетті түрде сыртқа шығады. Нәтижесі – Сарышаянның ашуы, кек алуы, айыптаулар, мүмкін, төбелес, екі адамның арасында пайда болған алауыздық. Олар бойдағы негативті шығарудың басқа жолын білмейді, іздемейді де. Салдарынан өзінің де іші өкпе-ренішке толады, өзгенің де көңілін қалдырады. Қалай ойлайсыз, өмірді бұлай кінә мен өкпе артып өткізгенше, ашу-ызаны, негативті шығарудың басқалай, зиянсыз жолдарын іздеген жөн шығар?


Мерген

Олар көңіл көтеру, сауық-сайранды, ырду-дырду өмірді айрықша жақсы көреді. Өзін дер кезінде тоқтата алмай қалатыны да бар. Көңілі мен сөзі жарасатын ортаны тапса, олармен бірге ән салып, би билеп, таңды таңға ұрып жүре беруге бар. Бір бастаса, ақшасы таусылып, соқыр тиыны қалмағанға дейін жарата беретін сатып алушы. Бұл әдетінің зияны ең алдымен өзіне тиетіні белгілі. Сондықтан, аздап өзін тежеп ұстауды, қажет кезінде тоқтата білуді үйренгені жөн.


Тауешкі

Бәлкім таң қаларсыз, бірақ, астрологтар Тауешкілерді бойында зиянды әдеті ең аз немесе тіптен кездеспейтін жандар дейді. Олар бүгінмен ғана өмір сүрмейді, ертеңнің қамын жасайды. Ақшасын бір сәттік қана ләззат сыйлайтын пайдасыз нәрселерге жұмсамайды. Салауатты өмір салтына деген ұмтылысы бәрінікінен басым, спортпен айналысуға барынша тырсады. Олардың бойындағы өзі үшін зиянды деуге болатын әдет ретінде тым еңбекқорлығын ғана атауға болатын шығар. Иә, олар дәулетті болып, мұңсыз-қамсыз өмір сүру жолында аянбай, демалыссыз еңбек етуге дайын. Осы тұрғыдан алғанда, Тауешкілерге уақытында тынығу, денсаулықты күту қажеттігін ғана ескерте кеткен артық болмас.


Суқұйғыш

Суқұйғыштар – құмар ойындарға әуес келетін жандар. Казино, ойын автоматтары, бәс тігу сындылардың жолына тез түседі, кейін оңайлықпен шыға алмайды. Осылайша жеңіл жолмен ақша табуға болатынына сенеді, сол үшін үстіндегі киімін шешіп бәске тігуден тайынбайды. Сенімінің алдағанын қарызға белшеден батып, жанында қол ұшын созатын еш жақыны қалмаған уақытта бір-ақ мойындауы мүмкін. Біліңіз, Сізді мұндай жолдан өзіңізден басқа ешкім құтқара алмайды. Сондықтан, құмар ойынға деген әуестікті жеңуге бүгіннен бастап кірісіңіз.


Балықтар

Олардың ерік-жігері әлсіз келеді, сондықтан, өзіне зиянын тигізетін әдеттер мен істерге көп ұрынады. Өзгелердің ықпалына ұшырап, ыңғайына көнгіш. Біреуге үзілді-кесілді «жоқ» деп жауап беру Балықтар үшін қиын. Осы мінезінің салдарынан алкоголь, темекі, есірткі, құмар ойындары сындылардың да шырмауына, алаяқтардың құрығына оңай түсіп қалады. Сондай-ақ, дәмді тағамның алдында әлсіздік танытып, жастайынан артық салмақтан зардап шегеді. Міне, осының бәріне ұшырамау үшін ерік-жігерін шынықтыруға тиіс.

Аударған:А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

дереккөз: cluber.com.ua