Сурет: images.glavred.info
Қиын сәттерде батыл шешім мен батыр әрекетке бару – екінің бірінің қолынан келмейді. Әсіресе, жеке өзіңе емес, ел басына күн туғанда «Біріміз – бәріміз үшін!» деген ұранды ту етіп, ерлік пен жанқиярлыққа жол беру үшін үлкен жүрек керек. Ішкі рух, қайсар мінез де қажет. Білек күші де маңызды.
Осындай үлкен жүрек, батыр мінез бен шымыр білек кімдерде бар? Жұлдыз белгілері бойынша болжап көрейік.
ТОҚТЫ
Батырлық деңгейі: Өте жоғары
Тектілігі мен батылдығы Тоқтыны нағыз майдангер рухты адам етеді. Қиындық көрсе – шегінбейді, күреседі. Алдыңғы шепте жүреді.
ТОРПАҚ
Батырлық деңгейі: Жоғары
Торпақтың ерлігі — үнсіз жанқиярлықта. Ол қауіптен қорықпай, сабырмен өзгелерді қорғай алады. Отанды қорғау – оған қасиетті борыш.
ЕГІЗДЕР
Батырлық деңгейі: Орташа
Күрделі жағдайда батырлық танытса да, алдымен жағдайды саралап, ақылмен шешуге тырысады. Қиын сәтте сөзбен демеу беріп, халықтың рухын көтереді.
ШАЯН
Батырлық деңгейі: Жоғары
Шаян – отбасын, туған жерін жанын салып қорғайтын белгі. Эмоциясы мен ішкі түйсігі оны қажет сәтте жанқиярлықпен әрекет етуге итермелейді.
АРЫСТАН
Батырлық деңгейі: Өте жоғары
Тумысынан қолбасшы. Қиын сәттерде басқаларды соңынан ертеді. Батырлық – оның болмысында бар.
БИКЕШ
Батырлық деңгейі: Орташа
Ол - майданда емес, тылда ерен еңбегімен батыр. Қиындықта нақты көмек көрсетіп, жүйелеу, ретке келтіру жағын өз қолына алады.
ТАРАЗЫ
Батырлық деңгейі: Орташа
Таразы әділдік үшін күреседі. Қиын сәтте шешім қабылдау қиынға соқса да, адамдар арасында бейбітшілік орнатуға тырысады.
САРЫШАЯН
Батырлық деңгейі: Өте жоғары
Қиындық оны ширатады. Тұйық болғанымен, ішінде үлкен күрескер жатыр. Саяси не рухани майданда күшті.
МЕРГЕН
Батырлық деңгейі: Жоғары
Қиын-қыстау кезеңде айналасына үміт пен сенім сәулесін таратады. Батырлықты рухани бағытта көрсетеді, халыққа дем береді, жол сілтейді.
ТАУЕШКІ
Батырлық деңгейі: Жоғары
Төзімді, сабырлы, жауапкершілігі жоғары. Қиын сәттерде басқалардың тірегі бола алады. Бұйрықсыз да іс атқарады.
СУҚҰЙҒЫШ
Батырлық деңгейі: Орташа
Жаңашыл идеяларымен ерекшеленеді. Қиын сәтте ерлік жасап өзін көрсетіп қалуды ойламайды. Өзі жаманатты атанса да, сан қилы айла-әрекетке толы болса да, қиындықтан құтқаратын амал табуға тырысады. Бірақ өз сенімін қорғауда жанкешті.
БАЛЫҚТАР
Батырлық деңгейі: Орташа
Жан дүниесі нәзік болғанымен, рухани жағынан күшті. Жанқиярлықпен өзгелерге көмектеседі, бірақ ашық майданнан гөрі, емдеуде, қолдауда батыр.
Аударған: А. Мейірханқызы,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: