​Жұлдызнама: Ең төзімді кім, сабырсыздар кімдер?

0
3 004


​Жұлдызнама: Ең төзімді кім, сабырсыздар кімдер?

фото: propositive.ru

Бұл жұлдызнамада Сіз өз белгіңізді бұрынғы орнынан таппауыңыз мүмкін. Себебі, мұнда реттік нөмір қалыптасқан дәстүр бойынша емес, сабырлылық, шыдамдылығыңыздың шамасына қарап беріледі.

Иә, әр адамның шыдамының өз шегі бар. Ол біреулерде кең, енді біреулердің сабыр сақтау аясы тар болып келеді. Кімнің сабырын сынап жүресіз, жұлдыз белгісіне қараңыз да, төзімділік деңгейін осы жерден біліп алыңыз.


Торпақ

Егер айналаңыздағы адамдардан сабырлылықтың, салқынқандылықтың, төзімділіктің үлгісін іздесеңіз, Торпақтарға қараңыз. Олар осы қасиетінің арқасында көп жетістікке жетіп, жақсы қарым-қатынас орнатып жүрген жандар. Торпақтар ешқашан серігінің мінезін көтере алмау себепті ат құйрығын кесіспейді. Шыбық тимей шыңқ етер, шырт мінез онда жоқ. Содан да ешкімнің көңілін қалдырмайды. Қызмет орнында да біреулермен сөзге келіп жатқанын көрмейсіз.


Таразы

Олардың бойындағы жақсы қасиеттердің бірі – дау-жанжалды жағдайларды дереу өз қолына алып, баса алатындығы, араздасқандарды татуластыруға бейімдігі. Мұндай нәтижеге асқан сабырлылығының арқасында қол жеткізеді. Өзге біреулер тарапынан қысым көрсе де қыңқ етпей, сыр білдірмес сабырлылығын сақтайды. Себебі, кез келген шыдамсыздық, ашу, агрессияның арты жақсы болмайтынын біледі. Қашанда өз ойы мен ниетін салмақты, ашық түрде жеткізеді және өзіне қарсы пікірді де дәл солай тыңдап, қабылдай алады. Осы төзімділігінің арқасында энергиясын пайдасыз нәрселерге емес, пайдалы, жетістікке жеткізетін істерге жұмсайды.


Тауешкі

Бұл белгі иелері – көп адамға сырын аша бермейтін жұмбақ жандар. Сырт көзге ақкөңіл, ашық, аңғал болып көрінуі мүмкін. Бірақ, ішінде барлық жасырған эмоцияларын, сезімдерін, ой-жоспарларын жинап жүретін бір «қоймасы» бар. Ол «қойманың» есігін ұзақ уақыт бойы жабық ұстай алатындығына, екінің біріне аша бермейтіндігіне қарап-ақ қаншалықты сабырлы екенін шамалауға болады.


Сарышаян

Сарышаянның сабырлылығы өз эмоциясын керемет басқара алатындығынан байқалады. Конфликт бола қалған жағдайда олар өздерін қолға алып, әрекеті мен сөздеріне ие болып, төзімділік танытады. Ашу-ызасын сөзбен де, әрекетпен де көрсетпейді. Бірақ, өкпесін іште сақтап, кек қайтару жоспарын құрып, ренжіткен адамның жасағанын әйтеуір бір күні алдына келтіреді.


Бикеш

Бикештің де төзімділігі кісі қызығарлықтай. Олар әдетте өзін өзгелерге қарағанда ақылдырақ, жақсырақ, биігірек санайды. Соған қарамастан, өзгелердің қателік жасауына, содан сабақ алып, қайта түзетуіне мүмкіндік бере біледі. Тумысынан перфекционистер болып келеді, сондықтан, кез келген істі жасамас бұрын жан-жақты ойланып, сабырмен саралап алады. Кішкентай детальдың өзін назардан тыс қалдырғысы келмейді. Бұл үшін әрине, төзім керек.

Дегенмен, осындай екен деп Бикештің сабырын сынамаңыз. Шыдамының шегі бар екені анық. Бір кетсе, қатты кететін әдетіне салса, сөзбен-ақ кез келгенді «шашып» тастай алады.


Суқұйғыш

Олардың бар ойы да, ықыласы да өзінде, ойындағы ауқымды жобаларында ғана. Үлкен көлемді жоспарларға жету жолының қиын да ұзақ екенін жақсы түсінеді. Сондықтан, саналы түрде өзін сабырға шақырып, нәтижені төзімділікпен күте біледі. Сондай-ақ, күнделікті қайталанатын күйбең тіршілік, бір орында тұрақтамайтын көшпенді өмір, жағдайы жасалмаған жайда тұру сынды қиыншылықтарға да шыдамды келеді. Тек төзбейтіні – өзін өзгенің басқарғысы келетіні және шектен тыс тәртіпті талап етушілік. Мұндай мәселеге келгенде Сарышаяндар өз шыдамының шегі қаншалықты екенін міндетті түрде көрсетеді.


Арыстан

Өзіне ғана сенетін, өзгелер мен өмірден көмек, қайыр күтпейтін тұлғалар. Соған қарамастан, өмір оларға тосын сыйын жиі тосады. Арыстандар көп жерде сабырсыздық танытпайды. Тек, өзін назардан тыс қалдырғандардың әрекетіне, жасаған ісін лайықты бағаламаушылыққа төзбейді. Сондай-ақ, ойлағаны мен айтқаны көп күттірмей, тез орындалса екен деген ішкі тілегі де кей жағдайларда сабырсыздық танытуына жол беріп қояды.


Балықтар

Жоғарыда аталған белгілерге қарағанда, балықтар біршама төзімсіздеу. Бұған балаша аңғалдығы, асығыстығы себеп болып жатады. Ұзаққа созылған, көңілді күпті еткен күту сезімін бастан кешіргенді ұнатпайды-ақ. Мұндай жағдайларда міндетті түрде төзімі түгесіліп, көңіл толмаушылығын қалай да бір білдіріп қалады. Әйткенмен, өз бетінше шешім қабылдамай, көбіне өзге біреулердің басқаруымен, бастамасымен қадам жасауға үйренгендіктен, еш әрекетсіз, күткен күйінде қол қусырып отыра береді.


Егіздер

Бұл белгі иелерінің сабырын сарқып, шырт етпе мінезін шығаратын басты нәрсе – сөз. Яғни, басшылықтың бұйыра сөйлегенін, сұрағының жауапсыз қалғанын, өзінің тарапына айтылған сын мен ескертпелерді, әзіл-қалжыңды көтере алмайды. Оларда сабырлылық танытып, көңіліне тиген нәрсені жылы жауып қоя салу деген жоқ. Мұның бір жағынан жақсы қасиет екенін де атап өту керек. Осы төзімсіздігі арқылы Егіздер өз ойын, көңіл толмаушылығын, шамына тиген нәрсені – бәрін-бәрін дер кезінде бүкпесіз, ашық айтып тастап отырады.

Ал, шыдамсыздығының кері әсерін тигізетін тұсы – қолға алған ісін соңына дейін жеткізбей, жарты жолдан тастап кететіндігі.


Шаян

Шаяндар жаратылысынан мазасыз жандар. Үнемі бір нәрсені сарыла күтіп, төзімсіздік танытып, салдарынан өзіне зиян жасап жүреді. Шыдаммен күту дегенді білмейді, қалағаны дәл қазір, осы жерде орындала кетуге тиіс. Әрине, мұндай күйде сабырлылық жайлы сөз қозғаудың өзі артық. Осындай мінезімен Шаяндар басшылық қызметке отыра қалса, қоластындағыларға да тыным таптырмайтын, болмашыға дауыс көтеріп, өзіне де, қызметкерлеріне де маза бермейтін басшы болады. Үйде де солай, жасалмай қалған не дұрыс тындырылмай қалған бір шаруаны көзі шалса, дереу айқайға басып, бәрін безілдетіп, бір сәтте жұмысқа салып қояды.


Мерген

Дегбірсіз белгі иелерінің тағы бірі – Мергендер. Олардың ісінен сөзі, сөзінен ойы алда жүріп, бір-біріне жеткізбейді. Содан да ұзақ күтуге, шыдаммен тосуға әдеттенбеген. Сонымен қатар, бәріне бір мезгілде, қатар қол жеткізгенді қалап, үлгеруге тырысып, үнемі асығып жүреді. Осы мінезі өмірінде көптеген мәселелердің бастауы болады. Айталық, асығыстықтың салдарынан маңызды ұсақ-түйектерді ескерусіз қалдырады. Өмір тәжірибесінен осыны көре тұра, төзімін шыңдауға тырысқанмен, қолынан келе бермейді. Себебі, оның өзіне асқан сабырлылық пен шыдамдылық керек.


Тоқты

Бұл белгі иелеріне «сабырлылық», «шыдамдылық» деген сөздердің өзі жат секілді. Тіпті, біреу төзімді болу жайлы ақыл айта бастаса, естігісі келмегендей сыңай танытады. Себебі, бәрібір ол айтқанды жасау қолынан келмейтінін біледі. Жақын арада басылатынын біле тұра, кішкентай ауырсынудың өзіне төзу олар үшін қиын. Тез арада емдеу жолдарын іздеп дәрігер мен дәріхана іздеп кетеді. Қай істі болмасын уақыт тезіне салып не өзге біреуге тапсырып, нәтижесін күту олар үшін адам төзгісіз нәрсе. Одан да өзі дереу қолға алып, тез арада «қопарып тастағанды» жөн санайды.

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ