Есте қаларлықтай ерекше кездесу ұйымдастыру үшін...
Сүйіктіңіз, досыңыз, ата-анаңыз, бауырыңыз, балаларыңыз, әріптесіңіз... Сіздің өміріңіз осы адамдармен тығыз байланысты. Олармен жиі уақыт өткізесіз. Осы уақыттың сапалы да қызықты болғанын, әрқайсыңыздың есіңізде ыстық естеліктермен қалғанын қалайсыз ба? Ендеше, олардың жанында болғанда, бірге демалғанда, мерекені атап өткенде, басқа да маңызды сәттерде қандай іспен айналысатындарыңызды алдын-ала жоспарлаған дұрыс. Ал жоспарды жаныңыздағы адамның қызығушылығына, қалауына қарай құрған екі есе дұрыс. Қызығушылығын, қалауын қалай білемін десеңіз, ол қиын емес, астрологтар айтқызбай-ақ көмектеседі. Төмендегі ақпаратпен танысып, керегін есіңізде сақтап алсаңыз болғаны.
ТОҚТЫ –
спорттық және интеллектуалдық ойындар, белсенді демалыс, отты шоу, әскери техникалар немесе пиротехника көрмесі.
ТОРПАҚ –
театрға, киноға бару, билеу, бассейнге шомылу, атпен серуендеу, су айдыны маңайындағы демалыс, үй интерьерлері көрмесі.
ЕГІЗДЕР –
планетарийге бару, экускурсияға шығу, саяхаттау, қызықты ойындар, сабын көпіршіктерімен ойнау, табиғат аясындағы демалыс.
ШАЯН –
су айдыны маңайындағы демалыс не серуен, дәмді кешкі ас ішу, парфюмерия немесе маталар көрмесі, киноға не зообаққа, ботаникалық баққа бару.
АРЫСТАН –
зергерлік бұйымдар көрмесіне немесе дүкеніне бару, мейрамханадан тамақтану, отшашу шоуы, концерт.
БИКЕШ –
стендап, әзілкештер кеші, креативті көрмелер мен қойылымдар, саяхат, ашық алаңқайда түнгі аспанды тамашалау.
ТАРАЗЫ –
мейрамханада тамақтану, бағалы заттар не автомобильдер көрмесі, атпен серуендеу, театрға, киноға бару.
САРЫШАЯН –
квест ойыны, түтінді, отты, басқа да креативті шоулар, мейрамханадан ас ішу, ғылыми жаңалықтар немесе заманауи гаджеттер көрмесі.
МЕРГЕН –
комедиялық қойылым, әзіл кеші, топ болып кино немесе театрлық қойылым тамашалау, көңілді ойындар сайысы, көңіл көтеру орталықтарына бару.
ТАУЕШКІ –
қолөнер бұйымдары көрмесі, квест ойнау, мейрамханадан тамақтану, жеке көлікпен сапарға шығу.
СУҚҰЙҒЫШ –
танымдық, дамытушылық семинар-тренингтерге бару, түрлі бағытта мастер-кластарға қатысу, ірі техникалық көрме, химиялық заттармен шоу тамашалау.
БАЛЫҚТАР –
тарихи, киелі орындарға, тауға экскурсия жасау, юморлық шоу көру, комедиялық фильм қарау, көңіл көтеру орталықтарына бару.
Аударған: А. Бектұрғанова,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:
Күйеуіңіздің аты қай әріптен басталады? Ол сіздің өміріңізге әсер етеді