Жұлдызнама: МАХАББАТ пен АҚШАҒА келгенде кімдерге СЕНУГЕ БОЛМАЙДЫ?

0
4 010

Араласып жүрген адамыңызға сенуге бола ма, жоқ па, оны жұлдызнама белгісіне қарап анықтауға болатынын айтады астрологтар.


Жұлдызнама: МАХАББАТ пен АҚШАҒА келгенде кімдерге СЕНУГЕ БОЛМАЙДЫ?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Тоқты

Тоқты белгісіндегі ерлер мен әйелдер әрқашан түзу жүреді және немқұрайлықты ұнатпайды. Бірақ, бұл Тоқтылардың барлығы бірдей сенімге ие дегенді білдірмейді. Өйткені, олар да кейде өтірік айтып, жалған әрекеттерге баруы мүмкін.


Торпақ

Торпақтарды алдау қиын емес, бірақ қатты сенудің қажеті жоқ. Әсіресе, махаббат және ақша мәселесінде. Дегенмен, олар өтірікті шындай айтқанымен, туыстары мен достарына адал, көмекке мұқтаж адамдарға мейірімді болып келеді.


Егіздер

Бұл белгінің көптеген өкілдері күдікті, өз пайдасы үшін алдауға дайын жүретін және өте сақ адамдар болып келеді. Сонымен қатар, кез келген адаммен таныса отырып, іші-бауырына кіріп кетуге қабілетті. Бірақ, Егіздер жақынының басына іс түскенде көмектесуге асығып тұрады және шын ғашық болса, махаббатына адал болады.


Шаян

Шаяндарға іскерлік мәселелерінде көп сенудің қажеті жоқ. Себебі, олар ақшаны қатты жақсы көреді. Егер, Шаяндармен арадағы қарым-қатынас үзілмесін десеңіз, жәй ғана ең жақсы достарының бірі болу керек. Сондай-ақ, Шаяндар серіктестерінің психологиясын жылдам зерттеп, ойын оқып қояды және әрқашан бір қадам алда болады.


Арыстан

Көптеген Арыстандар қу болып келеді және оңайлықпен алдана қоймайды. Бірақ, біреуге зиян келтіріп, нанын тартып жегенді ұнатпайды және қайырымдылықтан құр қалмайды. Сондықтан, оларға сенім білдіруге болады.


Бикеш

Бұл белгі өкілдері өз мақсатына жету немесе көздеген қаржыға қол жеткізу үшін алдаудан бас тартпайды. Бірақ, Бикештердің бойындағы қорқақтық, сенімсіздік деген қасиеттер біреуге зиян тигізуіне кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан, олардың алдында өзіңізді сенімді ұстаңыз. Жалпы, Бикештер жұмыс барысында қу болғанымен, өмірде жақсы адамдар.


Таразы

Таразылар бір жерде күлкіге қалмау үшін немесе "өтірігі ашылып" сенімнен айырылмау үшін жалған айтпайды және әрқашан іштей өтірікпен күресіп жүреді. Сондай-ақ, олар өте қарапайым, күдігін сыртқа шығармайтын еңбекқор адамдар.


Сарышаян

Ал, кейбір Сарышаяндардың қармағына түсу оп-оңай. Күліп отырып алдап кетеді. Бірақ, олар өз достарына зиян тигізбейді. Дегенмен, солай екен деп, жүз пайыз сенуге де болмайды.


Мерген

Бұл белгі өкілдерін алдау өте қиын және олар өтірікті сөздің ұшы шыққаннан-ақ сезіп қояды. Сонымен қатар, Мергендер достары және жақындарымен жақсы қарым-қатынас жасайды және сенуге болады. Ал, кейде өмір сүру үшін өтірік айтуы мүмкін.


Тауешкі

Тауешкілер алдымен сенімге кіріп алып, артынан өз пайдасы үшін алдап кетуі мүмкін. Сондай-ақ, қарым-қатынас барысында өте сақ отырады. Дегенмен, шынайы өмірде дос болып араласуға болады.


Суқұйғыш

Ал, Суқұйғыштар айналасындағы барлық іс-әрекетті тамаша талдай алады. Сондықтан, оларды алдаймын деп ойлаудың қажеті шамалы және олардың бойында өзгелерді "тақырға отырғызып" кете алатын қасиетері де болады. Бірақ, Суқұйғыштар ол қасиеттерін өте сирек пайдаланады.


Балықтар

Кейбір Балықтардың "қармағына түсіп қалу" қиын емес. Сондықтан, бұл белгінің өкілдеріне көп сенім артудың қажеті жоқ және олардың осы қасиетін сөзбен түзетуге тырысу да қателік. Себебі, олардың өзі де кейбір "қасқырлардың" өтірігіне жиі құрбан болады. Бұл мәселе Балықтардың өміріне айтарлықтай әсер етуі мүмкін.


Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Жұлдызнама: Өз белгіңізге қарап "карьера" жасауға болады

Жұлдызнама: ҚАСИЕТІҢІЗДІ қадірлесеңіз, ҚАБІЛЕТІҢІЗ де артады