​Жатын бөлмені құштарлыққа толтырғыңыз келе ме?

0
4 285

Ерлі-зайыптылар үшін жатын бөлменің орны ерекше. Жатын бөлменің күні ментүні сырға толы. Бір-біріне ынтыққан сезімдерді қауыштыратын бұл орынды «қасиетті мекен» десек те болады. Сондықтан да сізге бұл бөлмеде орналасқан әрбір затқа ерекше мән берген дұрыс. Психологтардың пікіріне сүйенсек, құштарлықты арттырып, ынтық сезімді одан әрі жалғай түсу үшінжұбайлардың жатын бөлмесіндегі кейбір заттарды шетке ысырып, ал кейбір заттарды керісінше молынан қоюға кеңес береді.


​Жатын бөлмені құштарлыққа толтырғыңыз келе ме?

Ерлі-зайыптылар үшін жатын бөлменің орны ерекше. Жатын бөлменің күні ментүні сырға толы. Бір-біріне ынтыққан сезімдерді қауыштыратын бұл орынды «қасиетті мекен» десек те болады. Сондықтан да сізге бұл бөлмеде орналасқан әрбір затқа ерекше мән берген дұрыс.

Психологтардың пікіріне сүйенсек, құштарлықты арттырып, ынтық сезімді одан әрі жалғай түсу үшінжұбайлардың жатын бөлмесіндегі кейбір заттарды шетке ысырып, ал кейбір заттарды керісінше молынан қоюға кеңес береді.

Айна

Айна – жатын бөлмеге ең қажетті бұйымның бірі. Ұйқыға жатар алдында айна алдында тұрып ажарыңызды ретке келтіріп, хош иісті әтір себініп, өзіңізді әлемдегі ең сұлу ханшайымдай сезінесіз. Тіпті, серігіңізді еліктіріп өзіңізге ынтықтыра түсу үшін айна алдында сүйкімді қылықтар жасап, ынтық сезімнің ыстық құшаққа айналуына дайындалып алуыңызға да болады.

Төсек

Жатын бөлмеде қашанда екі адамға арналған кереует пен ерекше төсек жайма болу керек. Сонымен қатар, кереуетте шымылдықтың болғаны дұрыс. Әдетте шымылдықты көп жұбайлар пайдалана бермейді. Алайда, жұбайлар жарастығы үшін шымылдықтың беретін әсері тым ерекше. Жұбайлардың сырлы түндері шымылдық ішінде өтетін болса, ол нағыз ғажайыптың өзі болмақ.

Түстің сиқыры бар

Жатын бөлменің жиһазы қызыл түстен болғаны жақсы. Себебі, қызыл түс адамды қызу қандылыққа жетелейді. Төсек жайманың түсі де көз тартарлықтай ерекше болғаны жөн. Егер сіз жұбайлық өміріңіздің түндері қызыққа толы болғанын қаласаңыз төсек жаймасының қызыл, ақшыл қызыл немесе сарғыш түсті жібек матадан тігілгенін таңдаңыз.

Сурет

Жұбайыңызбен көп балалы отбасы болғанды армандасаңыз, жатын бөлмеге сүйкімдібалақайлардың суретін қойсаңыз болады. Сонымен қатар, жатын бөлмеде жұмсақ ойыншықтардың болғаны да артықтық етпейді.

Жатын бөлме "жақтырмайтын" заттар

Кактус – бұл гүлді жатын бөлмеге қоюдың қажеттілігі жоқ. Көрер көзге тікенекті гүлдің әсері қалатыны рас. Ол ерлі-зайыптының бөлмесінде тұрып, тікелей болмаса да жанама әсерін қалдырмағаны дұрыс.

Аквариум – кез келген бөлмеге ерекше сән сыйлайтыны анық. Алайда, аквариумның жатын бөлмеге тигізер пайдасынан зияны көп. Жұбайлар оңаша өткізетін бөлме ішінде назар аудартатын жан-жануарлардың болғаны қажет емес.

Сонымен қатар, жатын бөлмеге жалғыз түскен суретті де ілуге болмайды. Ол көңіл-күйге де әсер етеді. Мүмкін болғанынша, жатын бөлмеде жұбайлардың бірге, бақытты сәті бейнеленген үлкен фотосурет тұрғаны дұрыс.

Айгерім Сапарбекова