13 жасар қыз екі сіңлісін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді

0
293

Олардың мойны мен денесіне пышақ жарақатын салған екен.


13 жасар қыз екі сіңлісін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Ресейдегі Тольяттиде 13 жасар мектеп оқушысы екі және бес жасар сіңлілерін өлтірді, деп жазады stan.kz.

8 қазан кешке Лиза Чайкина көшесіндегі үйдің балконынан балалардың мәйіті табылды. Олардың мойны мен денесіне пышақ жарақатын салған екен.

Тәртіп сақшылары күдіктіні 19:00-ден бастап іздей бастаған. олар саябақта өтіп бара жатқан адамдарға қыздың фотосын көрсетіп, оқушы қызды көрген-көрмегендерін сұрады. Саябақта қыз ұсталды, ол қылмыс жасағаннан кейін көшеге шығып, телефон арқылы анасына кінәсін мойындаған.

Қылмыс кезінде екі қыздың ата-анасы полицияда болған. Себебі марқұм қыздардың анасы азаматтық некедегі күйеуінің үстінен арыз жазған.

Көршілердің айтуынша, ер адам әйелді ұрып-соққан, көзіне шөп салған. Сол үшін әйел оның үстінен “үйге заңсыз кіру” бойынша арыз жазған, бірақ кейін олар татуласқан және қайтадан бірге тұра бастаған. Бірақ полиция оларды бәрібір жауап алуға шақырыпты.

Ал сол мезетте 13 жастағы үлкен қызы балалармен бірге қалған. Ал бүлдіршіндердің мәйітін олардың 10 жасар әпкесі тауып алған. Ол үйде бұрынғы күйеуінен 18, 13 және 10 жастағы қыздар, ал азаматтық некедегі қазіргі күйеуінен екі және бес жастағы қыздар тұрған.

Декреттік демалысқа шыққанға дейін қыздардың анасы балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеген. Күдіктінің әкесі, яғни бұрынғы күйеуі мобилизациямен соғысқа аттанған.

13 жастағы оқушы қыз тексеруге психоневрологиялық диспансерге жіберілді. Бұрын қыздың мінез-құлқынан күдікті ештеңе байқалмаған. Мектепте психологиялық тестілеу кезінде оның кейбір сұрақтарға берген жауаптары мұғалімдерді алаңдатқанымен, аса қауіпті деп санамаған.

Тергеушілер Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғады.