140 жолаушы мінген ұшақ Пхукет әуежайына шұғыл қонды

0
108

​Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.


140 жолаушы мінген ұшақ Пхукет әуежайына шұғыл қонды

Фото: x.com/Capt_Ck

ERNUR.KZ. Үндістаннан ұшып шыққан Air India Express әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Таиландтағы Пхукет әуежайына қатты қонуға мәжбүр болды. Ұшақ бортында 140 адам отырғаны анықталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, осы оқиға салдарынан әуе қатынасының қозғалысы уақытша тоқтап қалған.

Белгілі болғандай, рейс Хайдарабад қаласынан VT-BWQ борт нөмірі бар Boeing 737 MAX 8 ұшағымен орындалған. Ұшақта 133 жолаушы және жеті экипаж мүшесі болған.

Алдын ала деректерге сәйкес, зардап шеккендер тіркелген жоқ.