17 баланың өліміне себеп болған шәрбат: Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады

0
272

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) үш үнді шәрбатынан улы зат – диэтиленгликоль анықтаған. Диэтиленгликоль – өте улы химиялық қосылыс, ол ағзаға түскен жағдайда ауыр улануға және жедел бүйрек жетіспеушілігіне әкелуі ықтимал.


17 баланың өліміне себеп болған шәрбат: Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады

ERNUR.KZ. Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі жөтелге қарсы қауіпті үнді шәрбаттарына қатысты ескерту жасады. ДДСҰ COLDRIF, Respifresh TR және ReLife шәрбаттарынан улы зат тапты, деп жазады baq.kz.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мәліметінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) үш үнді шәрбатынан улы зат – диэтиленгликоль анықтаған. Бұл – COLDRIF, Respifresh TR және ReLife препараттары, оларды Sresan Pharmaceuticals, Rednex Remedies және Shape Pharma компаниялары өндірген.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы (НЦЭЛС и МИ) хабарлағандай, аталған үш үнді жөтел шәрбаты – COLDRIF, Respifresh TR және ReLife – Қазақстанда тіркелмеген және сәйкестік сертификаты жоқ, - делінген министрлік хабарламасында.

ДДСҰ деректеріне сәйкес, бұл препараттарды қолдану денсаулыққа елеулі қауіп төндіруі мүмкін, әсіресе балалар үшін. Диэтиленгликоль – өте улы химиялық қосылыс, ол ағзаға түскен жағдайда ауыр улануға және жедел бүйрек жетіспеушілігіне әкелуі ықтимал.

Сондықтан қазақстандықтарға дәрі-дәрмекті сатып алғанда абай болуға, тек лицензияланған дәріханалардан ғана алуына және аталған шәрбаттарды қолданудан бас тартуға кеңес берілді.

Еске салайық, бұған дейін Үндістанда жөтелге қарсы шәрбаттан 5 жасқа дейінгі 17 бала қайтыс болғаны хабарланған болатын. Барлық балада диэтиленгликоль қосылысы бар COLDRIF шәрбатын қабылдаудан кейін бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі мен ми зақымдануы анықталған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) да балалардың өліміне себеп болған қауіпті жөтелге қарсы сироптар туралы ескерту жасады.