Ол отыз тәулікке қамалды.
Фото: скриншот
ERNUR.KZ. Қазақстанның полициясы әлеуметтік желіде әдепсіздік танытатын блогер мен тұрғындарды жиі анықтап, ұстап жатыр. Бұл жолы Көкшетау полициясы тікелей эфирде бейәдеп сөйлеп қана қоймай, халықтың көзінше өте ұятсыз әрекетке барған адамды ұстады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Полицияның мәліметіне сүйенсек, 45 жастағы ер адам TikTok әлеуметтік желісінің тікелей эфиріне шығып, бірнеше рет балағат сөз айтқан. Одан бөлек, полиция хабарлап отырғандай, ол жүздеген адамның көзінше шалбарын шешіп, ұятсыз әрекет жасаған.
«Полицейлер азаматқа қатысты әкімшілік материал құрды. Сот шешімі бойынша ол 30 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды», - деп хабарлайды Ақмола облысының полициясы.


