17 тамызда Жерге қауіпті астероид жақындайды

0
124

Диаметрі шамамен 50 метр болатын 2025 PM атаулы астероид 17 тамызда Жерге ең жақын нүктесіне жетеді.


17 тамызда Жерге қауіпті астероид жақындайды

Фото: бейнежазбадан

ERNUR.KZ. Ол шамамен 384 мың шақырым қашықтықтан өтеді, деп хабарлады Ресейдің Күн астрономиясы зертханасы, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл – соңғы уақытта 1 миллион километрден аз қашықтыққа жақындаған ең ірі астероидтардың бірі. Келесі осындай жағдай қыркүйекте күтіледі.

2025 PM астероиды 2025 жылдың 1 тамызында ашылған. Ол Жер орбитасын кесіп өтетін "Аполлон" тобына жатады және Күнді айналып шығу мерзімі екі жылдан сәл асады. Ғалымдардың болжамынша, бұл – комета белгілері жоқ, үлкен тасты дене.

Астероидтың Жердің жанынан өтуі Астана уақытымен 17 тамызда сағат 14:03-те болады. Оның траекториясы тек басқа ғарыш нысанымен соқтығысқан жағдайда ғана өзгеруі мүмкін, – бірақ мұндай ықтималдық өте төмен. Орбитаны нақтылау үшін бақылаулар жалғасуда.