​17 жасар жігіт iPhone мен Ipad алу үшін өзінің бүйрегін сатып жіберген

0
2 320

Отбасының шамасы жетпейтінін білген бозбала интернет арқылы адам ағзасын саудалайтындармен келіскен.


​17 жасар жігіт iPhone мен Ipad алу үшін өзінің бүйрегін сатып жіберген

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. 17 жастағы Қытай жігіті iPhone алу үшін өзінің бүйрегін сатып жіберіп, мүгедек боп қалды, деп жазады ca-news.org.

Оқиға 2011 жылы орын алған. 17 жастар бозбала iPhone 4 мен Ipad 2 сатып алғысы келеді, бірақ отбасының ондай қаражатты тауып бере алмайтынына көзі жеткен соң интернетте ішкі ағзаларды саудалайтын саудагерлерді табады. Сол үшін басқа провинцияға сапар шегіп, бүйрегін операция арқылы алдырады.

Нәтижесінде сау бүйрегі үшін 22 мың юань (3200$) алып, арманындағы гаджеттерін сатып алған.

Бірақ жас жігіттің қуанышы ұзаққа бармайды, сырқаттанған оған бүйрек жетімсіздігі деген диагноз қойылып, тағы біршама уақыттан соң қалған жалғыз бүйрегі де істен шығады.

Енді күн сайынғы гемодиализ жасаудан жігіт төсектен мүлде тұрмайды және тәулік бойына күтім қажет .

Жас жігіттің бүйрегіне ота жасаған адамды бүгінде полиция ұстап, 3 жылға бас бостандығынан айырған. Ал ортадағы делдалдар 5 жылға қамалды.

iPhone мен Ipad аламын деп мүгедек болып қалған жігіттің отбасына 1,47 млн. юань ($154 мың) компенсация төленді.