Жұма күні жер шарынан 2,7 мың шақырым қашықтан көлемі көп қабатты ғимаратпен бірдей астероид өтеді.
ERNUR.KZ. Бүгін көлемі зәулім үймен бірдей астероид жерден 1,7 миль қашықта өтеді. Мамандар соқтығысу қаупі жоқ екенін айтты, деп жазады stan.kz.
Жұма күні жер шарынан 2,7 мың шақырым қашықтан көлемі көп қабатты ғимаратпен бірдей астероид өтеді. Ғарыштық стандарттар бойынша бұл салыстырмалы түрде аз. Ғалымдар алаңдауға негіз жоқ екенін жеткізді.
NASA сарапшылары астероидтың диаметрі 480 метрге дейін жетуі мүмкін дейді. Көлемі бойынша оны әлемдегі ең әйгілі зәулім ғимараттардың бірі, Нью-Йорктегі Эмпайр-Стейт-Билдингпен салыстыруға болады. Ғарыш нысаны 2008 жылы ашылды.
"Уайымдамаңыздар. Астероидтың жерге құлау қаупі жоқ. Ол Жерден Айға дейінгі қашықтан жеті есе артық қашықта ұшады", – деді астрономдар.
NASA сарапшылары бұл астероид 2032 жылы Жердің жанынан қайтадан ұшып өтетінін айтты. Келесі жолы ол біздің планетамызға әлдеқайда жақын өтеді.