Тергеу жүріп жатыр.
ERNUR.KZ. Қырғызстанның Ош облысында Toyota көлігі 20 метрден құлап, 2 адам қайтыс болды. Көліктің ішінде болған 3 жастағы сәби ауыр халде жатыр, деп жазады nur.kz.
Оқиға 6 қаңтар күні 10:30-да Ош облысының Қара-Құлжа ауданындағы Қара-Құлжа - Қара-Жығач тас жолы арасында орын алған.
"Toyota RAV 4" көлігінің 1959 жылғы жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалыпты.
Нәтижесінде көлік 20 метрлік биіктіктен Кара-Жығач өзеніне құлап, бірнеше рет аударылған.
Апат салдарынан көлік жүргізушісі мен 1975 жылғы жолаушы оқиға орнында қаза тапты.
Ал 2016 жылғы сәбиді Қара-Құлжа ауданындағы ауруханаға жеткізген. Кішкентай жолаушының жағдайы өте ауыр.
Қара-Құлжа ауданының полиция департаменті жол көлік апатының себебін білу үшін сараптама тағайындады. Тергеу жүріп жатыр.