23 мыңнан астам украиналық азамат АҚШ-қа көшуге рұқсат алды

0
463

Байден әкімшілігі бұған дейін 100 мыңға жуық украиналықты қабылдауға уәде берген.


23 мыңнан астам украиналық азамат АҚШ-қа көшуге рұқсат алды

ERNUR.KZ. Джо Байден әкімшілігінің украиндық босқындарға арналған жаңа бағдарламасы аясында 23 мыңнан астам украиндық АҚШ-қа кіруге рұқсат алды, деп жазады inbusiness.kz.

"АҚШ ішкі қауіпсіздік департаментінің мәліметінше, 23 мыңнан астам украин жаңа бағдарлама бойынша АҚШ-қа кіруге рұқсат алды", - делінген хабарламада.

Телеарна олардың 6 мыңы АҚШ-қа келгенін айтады.

Байден әкімшілігі бұған дейін 100 мыңға жуық украиналықты қабылдауға уәде берген.
Сәуірдің басында АҚШ президенті Украинадан босқындарды қабылдау бағдарламасын жариялады, бұл олардың Америка аумағына көшуін тездетуге мүмкіндік береді. Көшетін адамның америкалық "демеушісі", яғни оған көмек көрсететін отбасы немесе ұйым болуы керек.