Афроамерикалықтың өлімі: Наразы халық Ақ үйдің алдында жиналды

0
888

Резиденцияның адында жиналғандарды тарату үшін полиция шоқпармен күш қолданған.


Афроамерикалықтың өлімі: Наразы халық Ақ үйдің алдында жиналды

ERNUR.KZ. АҚШ-та афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімі себеп болған ереуіл басылар емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, наразы халық Вашингтондағы Ақ үйдің алдында жиналды. Ереуілдеушілер жаппай тәртіпсіздік орнатты. Резиденцияның адында жиналғандарды тарату үшін полиция шоқпармен күш қолданған. Жалпы наразылық акциясы елдің өзге де өңірлерінде жалғасуда. Миннеаполис, Нью-Йорк, Лос-Анджелес, Мемфис, Денвер қалаларында да халық басылмай тұр. Лос-Анджелесте тәртіпсіздіктің салдарынан жергілікті билік коменданттық сағат жариялады.

Еске салайық, полиция қызметкері Дерек Шовин Миннеаполис қаласында афроамерикалық азаматтың қолына кісен салу үшін оны асфальтқа құлатып, мойнын тізесімен 8 минут тұншықтырған. Осы оқиғадан кейін полицей Дерек Шовин қамауға алынды. Қалған 3 полиция қызметкері жұмысынан босатылды. Енді халық оларға да қатысты қылмыстық іс қозғауды талап етіп отыр.