АҚШ нәжістен жасалған алғашқы препаратты мақұлдады

0
641

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) адам нәжісіндегі микробиотаны қамтитын алғашқы препаратты қолдануды мақұлдады.


АҚШ нәжістен жасалған алғашқы препаратты мақұлдады

ERNUR.KZ. Оны ішек проблемаларын тудыратын Clostridium difficile (C. Diff) бактериясын емдеуде қолдану керек, деп жазады ulysmedia.kz.

Препарат адамның нәжісіндегі микробиотаны пайдаланады, ал донорлар қоздырғыштарға тексеріледі. Препарат тік ішекке бір реттік дозада енгізіледі. 978 ересек пациентке жүргізілген сынақтар препараттың жоғары тиімділігін көрсетті. Атап айтқанда, ол 8 апта ішінде 70,6% жағдайда инфекцияның қайта дамуына жол бермеді.

Аурудың өзіне келетін болсақ, ол тоқ ішектің қабынуын, диареяны тудырады және кейбір жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін. Тек АҚШ-та бұл бактерия жыл сайын 15 000-нан 30 000-ға дейінгі адамды ажалына себепші болуда. Көбінесе бұл егде жастағы адамдарда, антибиотиктерді қабылдайтын, созылмалы аурулары бар немесе іш қуысына операция жасаған азаматтарда кездеседі.

Осылайша, егер бұл әдіс тиімді болып саналса, онда әлемдегі аурулардың бірінің қаупі айтарлықтай төмендейді.