АҚШ пен Еуроодақ Путин мен Лавровқа қарсы санкция енгізді

0
950

​Құжаттарда активтердің бұғатталғаны жөнінде айтылған, бірақ евродипломатия басшысы Боррель бұл қандай активтер екенін білмейтінін жеткізді.


АҚШ пен Еуроодақ Путин мен Лавровқа қарсы санкция енгізді

ERNUR.KZ. АҚШ пен Еуропа одағы Ресей президенті Владимир Путин мен сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа қарсы санкциялар енгізді, деп жазады sputnik.kz.

Одақтың ресми журналында жарияланған құжатта Путиннің "Украинада әскери операция жүргізу туралы бұйрық бергені, ресейлік қарулы күштердің Украинаға басып кіргені" айтылған. Лавров Ресейдің Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі ретінде ДХР мен ЛХР-дің тәуелсіздігін мойындау бастамасына қолдау білдірді.
Сонымен қатар Еуропа одағының тізімінде премьер-министр Михаил Мишустин, ІІМ басшысы Владимир Колокольцев, Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі Сергей Иванов пен Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев бар.
Бұған дейін еуродипломатия басшысы Жозеп Боррель оларға тізімдегі басқа адамдарға секілді санкция енгізілетінін мәлімдеген болатын, яғни активтер бұғатталады. Бірақ еурокомиссар қандай активтер екенін білмейтінін айтты.
Путин мен Лавровқа қарсы америкалық санкциялар активтерді бұғаттап, амеркалық жеке және заңды тұлғалардың олармен келісім жасауына тыйым салуды қарастырады.
Айта кетері, бұған дейін Путин мен Лавровқа қарсы санкцияларды Ұлыбритания мен Канада енгізген болатын.