АҚШ-та 201 жолаушысы бар ұшақтың қозғалтқышы өртенді

0
181

Федералдық азаматтық авиация басқармасы (FAA) оқиға бойынша тергеу жүргізілетінін мәлімдеді.


АҚШ-та 201 жолаушысы бар ұшақтың қозғалтқышы өртенді

ERNUR.KZ. Атланта әуежайындағы Delta Air Lines ұшағынан 200-ден астам адамды апаттық трап арқылы эвакуациялауға тура келді. Оған ұшу кезінде қозғалтқыштың өртенуі себеп болды, деп жазады Ulysmedia.kz.


Атлантадан Миннеаполиске (Миннесота штаты) бағыт алған Delta 2668 рейсі шұғыл тоқтатылып, борттағылардың барлығы сыртқа шығарылды.

CNN-нің хабарлауынша, Бортта 201 жолаушы, 2 ұшқыш және 5 стюардесса болған. Экипаж ұшуды жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9:10-да тоқтатқан. Әуе компаниясы экипаж мүшелерінің эвакуация кезінде қуіпсіздік ережелерін қатаң сақтағанын айтты. Жолаушылар апаттық сырғымалар арқылы сыртқа шығарылды.

«Ұшу кезінде бірнәрсенің дұрыс еместігі сезілді. Артынша қозғалтқыш өртенді. Шұғыл эвакуациялауға тура келді», деді ұшақ жолаушысы Кертис Джеймс CNN-ге.

Десе де төрт жолаушы жеңіл жарақат алған. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылса, қалғандарына сол жерде көмек көрсетілді.

Федералдық азаматтық авиация басқармасы (FAA) оқиға бойынша тергеу жүргізілетінін мәлімдеді.