АҚШ-та әрбір бесінші адамға вакцина салынды

0
1 657

Вакциналау әлі де белсенді жүруде.


АҚШ-та әрбір бесінші адамға вакцина салынды

ERNUR.KZ. Американың әр бесінші тұрғыны коронавируске қарсы вакцинаны толық алып үлгірген. Бұл туралы АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар24.

Ақпаратқа сәйкес, екпе қабылдаған азаматтар «Пфайзер мен Байонтек» және «Модерна» өнімдерінің екі дозасын немесе «Джонсон энд Джонсон» компаниясы ұсынған бір реттік препаратты қабылдаған.

«Вашингтон Пост» газеті 101 миллионнан астам американдықтың екпенің бір данасын салдырғанын жазды. Бұл Құрама Штаттар халқының шамамен үштен бір бөлігі. Вакциналау әлі де белсенді жүруде.