АҚШ-та президенттік сайлау биыл 3 қарашада өтеді.
ERNUR.KZ. АҚШ-та сайлауалды науқан басталды. Оның аясында әрбір штатта кокус және праймериз, яғни үміткерлерді алдын ала таңдау шарасы ұйымдастырылады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Солардың алғашқысы Айова штатында өткен. Мұндағы кокус қорытындысы бойынша республикашылдар партиясы атынан 97,1 процент дауыс жинап, Дональд Трамп жеңіске жеткен. Ал демократтардан ресми кімнің басып озғаны әзірге белгісіз. Оған техникалық ақау себеп. Десе де 79 жастағы сенатор Берни Сандерс өзін өзі жеңімпаз деп жариялады.
Айта кеткен жөн, АҚШ-та президенттік сайлау биыл 3 қарашада өтеді. Республикалық партия 3 үміткерін ұсынып отыр. Арасында қазіргі президент Дональд Трамп та бар. Ал демократтардан 11 кандидат ұсынылуда. Сауалнама қорытындысы бойынша солардың ішінде бұрынғы вице-президент Джо Байден мен сенатор Берни Сандерстің жеңіске жету мүмкіндігі басым.