АҚШ-та торнадодан кемінде 21 адам қаза тапқан

0
179

Кентукки штатында 14 адамның қаза болғаны ресми түрде расталды.


АҚШ-та торнадодан кемінде 21 адам қаза тапқан

ERNUR.KZ. АҚШ-тың орталық бөлігін жайпап өткен торнадо салдарынан кемінде 21 адам қаза тапты. Билік өкілдері құрбандар саны әлі де артуы мүмкін екенін ескертуде, деп жазады baq.kz.

Кентукки штатында 14 адамның қаза болғаны ресми түрде расталды. Апат кезінде өңірде бірнеше ғимарат қирап, тас жолда көлік аударылып кеткен. Жергілікті билік ауыр жарақат алғандар туралы көптеген хабарлама келіп түскенін мәлімдеді.

Бүгін түнде бұл жерде адамдардың тағдыры мәңгілікке өзгерді. Біз қазір осы қауымдастық үшін бірге жиналып, дұға етудеміз. Мен өмірімде мұндай жойқын апатты көзбен көріп көрмеп едім, – деді Кентукки штатының Лондон қаласының мэрі Рэндалл Уэндл.

Көршілес Миссури штатында да кемінде жеті адам қаза тапқан. Торнадо Висконсин штатына да әсер еткені хабарланды.