АҚШ Геологиялық қызметі таңғы уақытта болған 3,8 баллдық жер сілкінісін тіркеді.
Фото: wikimedia
ERNUR.KZ. 27 қаңтарда Мэндегі (АҚШ) эпицентрлі жер сілкінісі Род-Айленд, Массачусетс, Нью-Гэмпшир және Коннектикуттың кейбір бөліктерінде дүмпу тудырды, деп жазады zakon.kz.
АҚШ Геологиялық қызметі таңғы уақытта болған 3,8 баллдық жер сілкінісін тіркеді. Эпицентрі Мэн штатының Йорк Харбор қаласында, Портлендтің оңтүстік-батысында орналасқан.
Ұлттық ауа-райы қызметі цунами туралы ешқандай ескерту жасамады. Сондай-ақ, зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат түспеген.
АҚШ Геологиялық қызметінің болжамы бойынша, келесі аптада магнитудасы кемі 3 баллдық зілзала күтілуде.