​АҚШ-тың экс-хатшысы Джон Керри 2020 жылы сайлауға түспек. Трамп не дейді?

0
1 149

Осыған дейін Трамп 2020 жылы президент қызметіне қайта сайланатынын және қарсыластарын кедергі ретінде көрмейтінін мәлімдеген еді.


​АҚШ-тың экс-хатшысы Джон Керри 2020 жылы сайлауға түспек. Трамп не дейді?
ERNUR.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп 2020 жылы президент лауызымына үміткер болғысы келетін АҚШ-тың бұрынғы хатшысы Джон Керридің бұл шешімін "сәттілік" дейді, деп жазады Tengrinews.kz.Керри жұма күні CBS News телеарнасына берген сұхбатында 2020 жылы президент лауазымына сайлану мүмкіндігі барын айтып мәлімдеген. Сондай-ақ ол өзінің шешімі жайлы қазір айтуды "уақытта босқа өткізу" деп есептеп, 2018 жылдың мәселелеріне тоқталғанды жөн көрген. "Иранмен ядролық келісімшартты тоқтатқан Джон Керридің президент қызметіне сайланғысы келетінін естідім. Қазіргі уақытқа дейін жиналған менің қарсыластарымды мықты деп бағалаймын", - деп жазды Трамп Twitter әлеуметтік парақшасында. Осыған дейін Трамп 2020 жылы президент қызметіне қайта сайланатынын және қарсыластарын кедергі ретінде көрмейтінін мәлімдеген еді.