Он бірінші көмек пакеті 1 маусым, сәрсенбіде ресми түрде жіберіледі.
ERNUR.KZ. АҚШ-тың Украинаға әскери көмегінің жаңа пакеті 700 миллион долларға бағаланып отыр, оған HIMARS көп реттік зымыран жүйелері кіреді, деп жазады baq.kz.
Он бірінші көмек пакеті 1 маусым, сәрсенбіде ресми түрде жіберіледі.
"HIMARS және олардың оқ-дәрілері, қарсы соғыс радарлары және бірнеше әуе қорғаныс радиолокациялық станциялары, Javelin және басқа да танкке қарсы құралдар, қосымша артиллериялық оқ-дәрілер. Бірнеше тікұшақтар мен тактикалық көліктер", - деді Ақ үйдің өкілі.
Көмектің келесі партиясы бұрын жеткізілген жабдықтың қосалқы бөлшектерін де қамтиды.