Албанияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты

0
709

Бұл соңғы 30 жылдағы ең қуатты зілзала болды.


Албанияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты

ERNUR.KZ. Албанияда тағы жер сілкінді. Салдарынан апаттан қаза тапқандардың саны 35-ке дейін артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған бөлек 650 тұрғын жарақат алған. Бұл туралы Albanian Daily News хабарлайды. Басылымның ақпаратына сәйкес, мамандар үйінділер астынан 45 адамды аман алып шыққан. Құтқару-іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. АҚШ-тың геологиялық қызметінің хабарлауынша, жер сілкінісінің эпиорталығы Тиран қаласының маңында 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Бұл соңғы 30 жылдағы ең қуатты зілзала болды. Жерасты дүмпуі Солтүстік Македония, Сербия, Черногория, Босния және Герцеговина, Грекия, Хорватия мен Италияның кейбір оңтүстік провинцияларында да сезілді. Жергілікті билік өкілдері зілзала құрбандарының саны әлі де артуы мүмкін дейді.