Әсіресе жемдік астықтың бағасы аспандайды.
ERNUR.KZ. Дәнді дақылдар халықаралық нарықта да қымбаттайды. 2021 жылдың соңында әлемдегі дақылдар қоры 895 млн тоннаға жетеді, деп хабарлайды Хабар24.
БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы осылай болжайды. Сәтті жиын-терімнің нәтижесінде жаһандық сатылым 442 млн тоннаға жетуі керек. Соған қарамастан тамыздағы баға екі процентке өскен. Былтырғымен салыстырсақ, жеті проценттік өсім бар. Әсіресе жемдік астықтың бағасы аспандайды.
БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының жорамалдауынша, биыл әлемдік астық өндірісі рекордты көрсеткішке жетеді. Былтырғыдан 58 миллион тоннаға артық өнім жиналады.