Үшінші рет жұққанда алғашқы екеуінен де күшті болады, дейді дәрігер.
ERNUR.KZ. Әлемде коронавирусты жұқтыру жағдайлары үшінші рет тіркелуде. Бұл жағдайда ауру бұрынғыға қарағанда ауыр болуы мүмкін. Бұл туралы ресейлік инфекционист Евгений Тимаков мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.
"Яғни, вирус иммундық кедергілерді айналып өтіп, екінші немесе үшінші рет жұға береді. Көбінесе үшінші рет жұққанда алғашқы екеуінен де күшті болады", - дейді "Лидер-медицина" медициналық орталығының бас дәрігері Ресейдегі эпидемиологиялық жағдайға арналған баспасөз мәслихатында.
Тимаков Ресейде аурудың үшінші толқынымен байланысты үнді штаммының ("дельта") ерекшелігін атап өтті. Оның айтуынша, инфекциядан кейінгі жетінші-сегізінші күні адамның жағдайы ауруханаға жатқызуға дейін нашарлауы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың төрт штаммын "алаңдаушылық тудыратын" тізімге енгізді: альфа (британдық), бета (оңтүстік африкалық), гамма (бразилиялық) және дельта (үнді). Сарапшылардың пікірінше, соңғы үнді штаммы SARS-CoV-2-нің бастапқы Ухань нұсқасына қарағанда екі есе жұқпалы, мутацияны жалғастыруда. Сондай-ақ, жақында дельта плюс нұсқасының пайда болғаны белгілі болды.