Әлемдегі ең қарт ер адам көз жұмды

0
1 229

Роберт Уэйтон 1908 жылы 29 наурызда Шығыс Йоркширдегі Халл қаласында дүниеге келген.


Әлемдегі ең қарт ер адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Британияда әлемдегі ең қарт ер адам Роберт Уэйтон қайтыс болды. Ол наурыз айында өзінің 112-туған күнін тойлаған еді, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақпан айында Уэйтон 112 жастағы жапон азаматы Титэцу Ватанабе қайтыс болғаннан кейін әлемде ең ұзақ өмір сүруші ер адам деп танылған еді.

Роберт Уэйтон 1908 жылы 29 наурызда Шығыс Йоркширдегі Халл қаласында дүниеге келген. Британдық өмір бойы инженер болып жұмыс істеген және ұзақ жылдар Тайвань, Жапония және Канадада іссапарларда болған.

Ол Би-би-сиге берген сұхбатында ұзақ өмір сүрудің құпиясы – «өлмеуге тырысу» деп айтқан.

Роберт Уэйтон Британияның ең қарт әйелі пулалық Джоан Хоккардпен бір күнде туған. Оның артында екі баласы, 10 немересі және 25 шөбересі қалды.

Айта кетсек, әлемдегі ең қарт әйел жапондық Кейн Танака, ол 117 жаста.