Қазір әлемде бұндай оншақты монета кездеседі: олардың көбісі жеке коллекцияда сақталса, кейбіреулері мұражайға қойылған.
ERNUR.KZ. Әлемдегі ең қымбат әрі сирек кездесетін монеталардың бірі — алтын динар аукционға шығарылды. Бағалы монетада біздің дәуірге дейін 732 жылғы дата белгіленген, деп жазады baq.kz.
The Daily Mail хабарлауынша, лоттың бастапқы сомасы 1,5 млн фунт (1,88 млн доллар).
Қазір әлемде бұндай оншақты монета кездеседі: олардың көбісі жеке коллекцияда сақталса, кейбіреулері мұражайға қойылған.
"Бұл монета өте әдемі. Ол жақсы сақталғанымен қоймай, сирек кездесетін таңғажайып тарихи құжат саналады", - деді ислам монеталары бойынша сарапшы Стивен Ллойд.
Динардың құрамындағы алтын әлі күнге дейін жұмыс істеп тұрған Мекке жанындағы кеніштен алынған. Сауда-саттық күні 24 қазанға белгіленді.
Қыркүйектің соңында Лондондағы аукцион кезінде бірегей монета — Британ империясының болашақ королі Эдуард VIII бет-бейнесі бейнеленген пеннидің қоладан жасалған үлгісі. Алайда Эдуард VIII король тағына отырудан бас тартқаннан кейін оның түпнұсқасы түрлері шығарылмады.
The Sun мәліметтеріне сүйенсек, аталмыш монета 133 мың фунтқа (165 мың доллар) сатылды. Ол өзінің бастапқы бағасынан екі есе көп сомаға бағаланды.