Әлемнің ең қарт тұрғыны 115 жасында бақилық болды

0
275

Фрэнсис ұзақ өмірдің құпиясы ретінде, жаман әдеттерден аулақ болуды атады — алкоголь мен темекіні тұтынбаған.


Әлемнің ең қарт тұрғыны 115 жасында бақилық болды

ERNUR.KZ. Жер шарының қарт тұрғыны Элизабет Фрэнсис 115 жасында қайтыс болды. Ол АҚШ-тың ең кәрі тұрғыны болып саналады, сондай-ақ, әлем бойынша ұзақ өмір сүріп келе жатқан адамдардың үштігінде болды, деп жазады Zakon.kz.


Longeviquest басылымы жазғандай, ол 1909 жылы дүниеге келген және өмірінің көп бөлігін Хьюстонда өткізген.

Фрэнсис ұзақ өмірдің құпиясы ретінде, жаман әдеттерден аулақ болуды атады — алкоголь мен темекіні тұтынбаған. Дегенмен тамақтану кезінде қатаң тыйымдарға жүгінбеген, не қаласа соны жеген.



Ол өмірінің соңына дейін 95 жастағы қызының қолында тұрды.