Джитсер Мариан Журавлева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды

0
280

Белдесудің қорытындысы бойынша Мариан жеңіске жетті.


Джитсер Мариан Журавлева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды

ERNUR.KZ. Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының өкілі Мариан Журавлева Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалдық бөлігінде бақ сынады, деп жазады Zakon.kz.

Бұрымды спортшымыз 63 келіге дейінгі салмақта қола үшін өткен белдесуде иорданиялық Майя Ишакатпен күресті.

Белдесудің қорытындысы бойынша Мариан жеңіске жетті.

Осылайша Мариан Журавлева Азиадада Қазақстанның қоржынына кезекті медальді салды.

Айта кетейік, бұған дейін Мерей Қабдуллаев (85 келіге дейін) күміс алған еді.