Алты жасар бала қайтыс болған анасының жанында бес күн өткізген

0
1 258

​Балабақша тәрбиешілері алты жасар баланың бірнеше күн бойы келмей жүргенін байқап, оны құтқарып қалды.


Алты жасар бала қайтыс болған анасының жанында бес күн өткізген

ERNUR.KZ. Кішкентай бала қайтыс болған анасының жанында бес күн түнеген, деп жазады sputniknews.kz.

Башқұртстандағы Янаул қаласында таңғаларлық оқиға болды. Балабақша тәрбиешілері алты жасар баланың бірнеше күн бойы келмей жүргенін байқаған. Бірдеңеден күдіктеніп, олар баланың анасының құрбысымен байланысқа шығады.

Олар пәтерге бірге келгенде, баланың анасы қайтыс болғанын, ал баланың өзі қатты ашығып қалғанын көреді.

Кейінірек өңір билігі хабарлағандай, бала алдымен анам ұйықтап қалды деп ойлаған болуы мүмкін, ал содан кейін оның сыртқа шығып, көмек шақыруға шамасы болмаған.

Қазіргі уақытта жетім қалған бала жан сақтау бөлімінде жатыр, жағдайы біртіндеп жақсарып келеді.

Кейінірек баланы туыстары алып кететіні белгілі болды.