АҚШ-та Висконсин штатында із-түссіз жоғалып, өлді деп саналған, үш баланың әкесі Райан Боргвардт Өзбекстандағы сүйіктісіне кетіп қалған.
ERNUR.KZ. Ер адам бір-екі айдан кейін TikTok желісіндегі видеодан көрініп қалды. Онда ол блогерден “Өзбекстандағы сүйіктіме барғаным дұрыс па?” деп сұраған, деп жазады Stan.kz
Райан Боргвардттың жоғалып кеткені алғаш рет тамызда белгілі болды. 12 тамызда Боргвардтың көлігі көлдің батыс жағындағы Додж мемориалдық паркінің жанындағы тұрақтан табылды. Келесі күні балықшылар қорап, әмиян, кілт пен Боргвардқа тиесілі құжаттарды тапты.
28 күн ішінде сүңгуірлер мен еріктілер Райан Боргвардттың денесін іздеп, таппады. 7 қазанда полиция Боргвардттың төлқұжатын канадалық құқық қорғау органдары тексергенін білді. Ер адам құжатының жоғалғаны туралы мәлімдеп, 22 мамырда жаңасын алғаны белгілі болды.
Боргвардт жоғалып кетпес бұрын компьютерін тазалап, электрондық поштасын ауыстырып, сақтандыруды 375 мың долларға рәсімдеп, ақшаны шетелдік банкке аударған.
Полиция ер адам өзінің өлімін қолдан жасап, Еуропаға қашып кетті деп санайды.
“Жаңа дәлелдердің арқасында біз Райанның көлімізде жоқ екеніне сенімдіміз", - деді жергілікті шериф.
Райан Боргвардттың кейін TikTok желісінен көрініп қалуы күтпеген жаңалық болды. Мұнда ол өзінің үйленгенін, бірақ басқаға сезімі бар екенін жеткізген. Сонымен қатар қандай шешімге келерін білмей жүргенін айтқан.