Қазақстанда тұрғын үйді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру жүйесін кезең-кезеңімен енгізілмек.
Фото: Tengrinews.kz
ERNUR.KZ. Мәселе жер сілкінісі, су тасқыны және орман өрттері туралы болып отыр. Жаңа жүйені алдымен үш облыста сынақтан өткізіп, кейін мұндай қауіп-қатерге бейім 16 өңірде қолдану көзделген, деп жазады tengrinews.kz.
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банктің 30 қазандағы бірлескен қаулысымен бекітілген Сақтандыру нарығын дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған бағдарламасында айтылған.
Не істеу жоспарланған?
Жаңа сақтандыру түрі үйі немесе пәтері табиғи апат салдарынан зақымдалған немесе жойылған жағдайда жылжымайтын мүлік иелеріне қаржылық көмек алуға мүмкіндік беруі тиіс.
Бұл ретте міндетті сақтандыруды бірден енгізілмейді: алдымен кейінге қалдыру кезеңін қарастыру, кейін үш облыста пилоттық кезеңді бастау жоспарланып отыр.
Сақтандыру қандай тәуекелдерді өтейді? Бірінші кезекте жылжымайтын мүлік табиғи қауіптің үш түрінен қорғалмақ:
- жер сілкінісі;
- су басу және су тасқыны;
- орман өрттері.
Бағдарлама авторларының пайымдауынша, мұндай жүйе адамдарға табиғи апаттың қаржылық зардаптарымен жалғыз қалмауға көмектеседі. Сақтандыру төлемі зақымдалған тұрғын үйді қалпына келтіруге немесе оның шығынын өтеуге септігін тигізуі тиіс.
Сонымен қатар билік жылжымайтын мүлікті өрттен сақтандыруды кеңейту мүмкіндігін қарастыруға ниетті. Әзірге бұл бағыт қабылданған міндетті талап емес, болашаққа жоспар ретінде көзделген.
Бұған дейін Қазақстанда тұрғын үйді жер сілкінісінен, табиғи өрттерден және су тасқынынан міндетті сақтандыру енгізілетіні туралы жазған едік. Құжатқа сәйкес, сақтандыру адамдар тұрақты тұратын үйлер мен пәтерлерге қолданылады. Бірақ бұл осындай табиғи апат қаупі бар аймақтарға ғана қатысты.


