Америкалықтар Джо Байденнің жеңісін тойлап жатыр

0
564

Саяси додада алға суырылып шыққан Байденді өзге ел басшылары құттықтап үлгерді.


Америкалықтар Джо Байденнің жеңісін тойлап жатыр

ERNUR.KZ. Ресми нәтиженің жоқтығына қарамастан, БАҚ Пенсильвания штатындағы көрсеткіштерден кейін Байденнің Дональд Трампты басып озғанын жарыса жариялады, деп жазады 24.kz.

Жалпы үміткерлер жеңіске жету үшін сайлаушылар алқасының 270 дауысына ие болуы керек еді. Ал Байден қазірдің өзінде 290, Дональд Трамп 214 дауыс жинаған. Мұндағы тағы бір жаңалық енді Камала Харис Америка тарихындағы тұңғыш әйел вице-президент атанбақ.

Саяси додада алға суырылып шыққан Байденді өзге ел басшылары құттықтап үлгерді. Олардың қатарында Канада, Бельгия, Греция, Ұлыбритания, премьер-министрлері, Франция президенті мен Германия канцлері және Қазақстан Президенті бар.