«Анама тіл тигізді»: Ағасын балталап өлтірген ер адам 15 жылға сотталды

0
210

Жәбірленуші мас күйінде ата-анасының үйіне келіп, анасын қорлаған.


«Анама тіл тигізді»: Ағасын балталап өлтірген ер адам 15 жылға сотталды

ERNUR.KZ.Өзбекстанда ер адам туған анасын қорлағаны үшін ағасын балталап өлтірді, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Тергеу мәліметтеріне сәйкес, жәбірленуші мас күйінде ата-анасының үйіне келіп, анасын қорлаған. Оның туған інісі бұл әрекетке шыдамай, ашуға булығып, балта алып, бірнеше соққы жасаған. Жәбірленуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», — делінген хабарламада.

Денау аудандық соты айыпталушыны Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексі бойынша кінәлі деп таныды. Бұл бап «шарасыз күйдегі адамды ерекше қатыгездікпен қасақана өлтіру» әрекетін қарастырады.

Сот үкімі бойынша, ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды.