Ақпарат Ақ үйдің сайтында жарияланған.
ERNUR.KZ. АҚШ президенті Джо Байден америкалық әнші, ән жазушы, продюсер, дизайнер және актриса Леди Гаганы президент жанындағы өнер және гуманитарлық ғылымдар комитетінің тең төрағасы етіп тағайындады, деп жазады ulysmedia.kz.
Ақпарат Ақ үйдің сайтында жарияланған.
«Президент Байден Президент жанындағы Өнер және гуманитарлық ғылымдар комитетіне келесі тұлғаларды тең төрағалар етіп тағайындау ниетін мәлімдеді: Брюс Коэн, Леди Гага», - делінген президенттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сондай-ақ сайтта әншінің өмірбаяны жарияланған. 37 жастағы Леди Гага (шын аты Стефани Джоан Анджелина Жерманотта) Грэмми сыйлығының иегері және тарихтағы коммерциялық жағынан ең табысты орындаушылардың бірі. Ол қайырымдылық және әлеуметтік науқандарға белсенді қатысады.
6 сәуірде Нью-Йоркте Леди Гаганың қатысуымен «Джокер» фильмінің түсірілімі аяқталғаны белгілі болды.