Аптап ыстықтан 3,5 мың адам ауруханаға түскен

0
1 296

Жалпы, елде бір аптаның ішінде 3 473 адам ауруханаға жатқызылған, бұл көрсеткіш 18-25 маусым аралығындағы көрсеткішке қарағанда 5,2 есе көп.


Аптап ыстықтан 3,5 мың адам ауруханаға түскен

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Жапонияда 25 маусымнан 2 шілдеге дейін аптап ыстық салдарынан 3,4 мыңнан астам адам ауруханаға жатқызылды, үш адам қайтыс болған, деп жазады ҚазАқпарат.

Жалпы, елде бір аптаның ішінде 3 473 адам ауруханаға жатқызылған, бұл көрсеткіш 18-25 маусым аралығындағы көрсеткішке қарағанда 5,2 есе көп. Термометр бағаны өткен аптада 30 градустан төмен түспеген.

2017 жылы елде аптап ыстықтан 44 адам өліп, ондаған мың жапониялық ауруханаға жатып шыққан болатын. Билік адамдарды мүмкіндігінше көбірек су ішуге, бас киім киіп жүруге және күн астында көп жүрмеуге шақырып жатыр.