Бітім 18 қазанда жергілікті уақыт бойынша түнде күшіне енді.
ERNUR.KZ. Ереван мен Баку Таулы Қарабақ бойынша гуманитарлық бітімге келісті, деп жазады Tengrinews.kz.
Бітім 18 қазанда жергілікті уақыт бойынша түнде күшіне енді. Қос тарап та тиісті мәлімдеме жасады.
"Шешім 10 қазанда Мәскеудегі келіссөздер барысында және 1-5 қазанда ЕҚЫҰ Минск тобының тең төрағаларының кездесулерінен кейін қабылданған", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін Армения мен Әзербайжан 10 қазан түстен бастап, Қарабақтағы атысты тоқтатуға келіскен болатын. Алайда онда әлі ұрыс қимылдары жалғасып жатыр.