Белорусияда әскери көлік жеңіл көлікті басып қалған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Белорусияда әскери көлік жеңіл көлікті басып қалған, деп хабарлайды ERNUR.KZ. ktk.kz сайтына сілтеме жасап.
Жаяу әскердің соғыс көлігімен болған жол көлік оқиғасы Гродно қаласынан Сопоцкин ауылына бағытталған жолда орын алды. Әскери көліктер колоннасы қала орталығына қарай бұрылыс жасап жатқан. Алайда алып көліктердің біреуі басқаруға бағынбай, қарсы бағытқа шығып, жолда орналасқан автокөлікті басып қалған.
Фольксвагеннің жүргізшісінің жолы болып, ешқандай зардап шеккен жоқ. Оның орындығы жазылып, жүргізуші жатып үлгерген. Алайда көлік рөлі оның аяғын қысып қалған. Ер адамды куәгерлер босатып алған көрінеді. Енді ол арнайы ем қабылдайды.
Әскерилер одан кешірім сұрап, шығынын өтеген. Оқиға бейнежазбаға түсіп қалған. Жүргізушінің сөзінше әскерилер берген өтемақыға оның көңілі толады екен. Қазір зардап шеккен ер адамның жағдайы жақсы . Ол оқиғаның тез болғанын және қорқып та үлгермегенін айтты.